Пятница, 19 Апреля
+18...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 447.4 KZT
  • €1 = 477.55 KZT
  • 1 RUB = 4.76 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Жұмыстан шыққан қызметкерлерге бірыңғай тұрғын үй төлемі қараша айының соңына дейін беріледі – 51809 әскери бөлімі

Ақтауда 10 айдан бері бірыңғай тұрғын үй төлемдерін ала алмай жүрген 51809 әскери бөлімінің бұрынғы қызметкерлеріне қараша айының аяғына дейін тиісті ақшасы жіберіледі. Бұл туралы 51809 әскери бөлімінің командирі Марат Құдабаев хабарлады.

51809 әскери бөлімі
-Комиссия мүшелері жиналған құжаттарды қарастырып, ҚР Қорғаныс министрлігіне өтініш жазылды. Енді құжаттар сол жерде қарастырылып, қараша айының аяғына дейін өтініш жазғандардың барлығына ақша төленеді. Жалпы әскери бөлім бойынша бірыңғай тұрғын үй төлемін ала алмай жүрген 44 қызметкер бар, деді 51809 әскери бөлімінің командирі Марат Құдабаев.

Командирдің айтуынша, жұмыстан шыққан әскери қызметшілердің кейбіріне ақша уақытылы жіберілген себебі, олар құжатын уақытында өткізген.
-Ешкімді алалап отырған жоқпыз. Жұмыстан шыққаннан кейін бұрынғы қызметкерлер бірыңғай тұрғын үй төлемдерін алу үшін тізім бойынша құжат тапсыру керек. Көбісі тиісті құжаттарды уақытылы алып келмеген. Мәселен, ақпан айында жұмыстан шыққан адамдардың құжатын комиссия мамыр айында қарастырды.

Комиссияның құжаттарды қараған хаттамасы бар, деді 51809 әскери бөлімінің командирі Марат Құдабаев.

Марат Құдабаевтың айтуынша, бірыңғай тұрғын үй төлемін ҚР Қорғаныс министрлігі аударады. Келісімшарт бойынша 51809 әскери бөлімінің жұмыстан шыққан қызметкерлеріне төлемақы «Отбасы банкіндегі» арнайы жинақ шотына жіберіледі. Қазір осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр дейді әскери бөлімдегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін 51809 әскери бөлімінің бұрынғы қызметкерлерінің бірыңғай тұрғын үй төлемін ала алмай жүргенін жазған болатынбыз.

Айбарыс Арлан



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 2 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю
User_181 (Посетители) 23 ноября 2022 21:51
Керемет! bravo Пусть у всех всё наладится
 
Не поддерживаю Поддерживаю
User_181 (Посетители) 23 ноября 2022 21:16
Дұрыс, бәрін уақтылы жасау керек

Берілген құжаттарды ресімдегеннен және қарағаннан кейін барлығына уақтылы төленеді
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter