Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Санитарлық талаптар сақталмаса қайда хабарласу керек?

Соңғы кездері Lada.kz редакциясына тұрғындар тарапынан сауда орындары мен қоғамдық тамақтану орындарында санитарлық талаптар сақталмағаны жөнінде көптеген фото, видео материалдар жолданады. Осыған орай редакция тілшілері мұндай жағдайда тұрғындар қалай әрекет ету керектігін білу үшін Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тағам объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Баян Сатқанбаевадан сұхбат алды.

Фото из открытых источников
-Баян Төлеубердіқызы, қаладағы сауда орындары мен дүкендердің санитариялық талабына тоқталсаңыз?
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚРДСМ-220 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесі бекітілген. Бұл тізбеде барлық объектілер екі топқа бөлінген. Олар эпидемиялық маңызы жоғары және елеусіз эпидемиялық маңызы бар болып бөлінеді.

Санитарлық талаптар сақталмаса қайда хабарласу керек?


Жоғары эпидемиялық маңызы объектілерге мыналар жатады:
1) Тамақ өнімдерінің барлық өндіріс обьектілері;
2) 50-ден астам орындық тамақ өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен және өткізумен қоғамдық тамақтандыру объектілері

Эпидемиялық мәні болмашы объектілер:
1) Орын саны 50 және одан аз тамақ өнімдерін өндірумен, қайта өңдеумен және өткізумен айналысатын қоғамдық тамақтандыру объектілері;
2) Азық-түлік өнімдерін автоматты түрде дайындау және өткізу аппараты;
3) Кілегейлі кондитерлік өнімдері жоқ өндіріс орындары;
4) Азық-түлік базарлары, көтерме және бөлшек сауда объектілері т.б.

Эпидемиологилық мәні жоғары объектілер міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алу керек. Эпидемиялық мәні болмашы объектілер тексерулерге жатпайды. Өз қызметін хабардар ету арқылы жүзеге асырады. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы нысан иесінің жауапкершілігінде. Кәсіпкерлер жұмысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 4 тамыздағы № ҚР ДСМ-73 «Тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарын орындау қажет.

Санитарлық талаптар сақталмаса қайда хабарласу керек?



-Тұрғындар сауда орындары мен дүкендердегі сауда сөрелерінен тарақанды байқаған жағдайда қайда жүгіну қажет?
Ол үшін сол жағдайды фото немесе видеоға түсіріп, егер ол сатып алған заты болса оған түбіртегін қосып, оны санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің нысанның орналасқан мекен-жайына байланысты аумақтық басқармаларға «E-otinish» арқылы жолдау қажет. Осы тұста айта кетсем, жалпы жыл басынан бері департаменттің аумақтық басқармаларына тұрғындар тарапынан дүкендерден тарақан шыққаны бойынша ресми арыз-шағымдар түспеген.
Сондықтан тұрғындардан мәселені тек әлеуметтік желіге салмай, бізге жолдауды сұраймыз. Дүкендерден тарақанды көрген тұрғындар Ақтау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ресми арыз-шағымын нақты фактілерді көрсете отырып (фото, видео, түбіртек) «E-otinish» арқылы жолдауға немесе басқармаға келіп шағымдануына болады.
Басқарманың мекенжайы: Ақтау қаласы, 3Б шағын аудан, 46 ғимарат немесе +7(7292)50-51-46, 50-74-51 байланыс нөміріне хабарласып айту керек. Біз ресми арыз-шағымдар тіркелмеуіне байланысты тексеру жұмыстарын өздігінен жүргізе алмаймыз. Себебі, Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы №229 Жарлығына сәйкес, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексере алмайды және профилактикалық бақылау жұмыстарын жүргізе алмайды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 44 Жарлығымен моратория 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды.


-Департамент сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау мақсатында арнайы мониторинг немесе түсіндірме, ескертпе шараларын жүргізеді ме?
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексі бойынша адам өміріне, денсаулығына қауіпті өнімдердің сатылуына жол бермеудің алдын алу және сатылатын азық-түлік өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау мақсатында тағам өнімдерінің сатып алу арқылы мониторинг жүргізіледі. Жыл басынан бері департамент мамандары кәсіпкерлер мен халық арасында семинар-кеңес, дөңгелек үстел, видео-конференция және БАҚ-та ақпарат беріп, түрлі акциялар өткізді. Қазіргі таңда 4 дөңгелек үстел, 12 акция, 1744 әңгімелесу, газетке, телеарнаға арнайы материалдар, лэд экранға арнайы ескертпелер шығарылды.


-Жалпы халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіруі мүмкін жағдайлар қандай критерийлер бойынша анықталады?
Бұл бірнеше критерийлер бойынша анықталады.
1) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, өнімді іріктеу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелерін адам өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіруі;
2) Тамақтан жаппай улану және одан да көп жағдайлар(қоғамдық тамақтандыру объектілерінде, қоғамдық тамақтану орындары бар ұйымдасқан топтарда);
3) Көрсетілген фактілер бойынша растайтын материалдарды қоса бере отырып, жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық тамақтандыру, ұйымдасқан топтарда тұру жағдайларына қойылатын талаптардың сақталмауы туралы өтініштері;
4) Жеке және заңды тұлғалардың кіріктірілген/тұрғын ғимараттарға бекітілген кәсіпкерлік объектілерінің зертханалық зерттеулерінің оң нәтижелерімен (шу, діріл, иіс, тұрғын үйлерге енетін түтін) желдету жүйесінің тиімсіздігіне өтініштері.
5) Зертханалық зерттеулердің оң нәтижелерімен бақыланатын объектілердің өндірістік жабдықтарынан шу, дірілге жеке және заңды тұлғалардың өтініштері кезінде;

Осыған байланысты, басқарма мамандарымен аталған объектіде профилактикалық бақылау, қадағалау тексеруін тағайындау үшін жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу актісін прокуратура мекемесінде тіркеу қажет. Яғни тексерулер жүргізу үшін растаушы фото-бейнематериалдар және өнімді сатып алу түбіртектері (көшірмелері) қоса бере отырып, нақты кәсіпкерлік субъектісіне қатысты бұзушылықтың нақты фактілері арыз-шағымда көрсетілуі және берілуі керек. Сондай-ақ сапасыз тауар анықталған жағдайда, тұтынушы тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтар мен заңды мүдделердің бұзылуын жою және тұтынушыға келтірілген зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде талапқа жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және келтірілген залалды (зиянды) өз еркімен өтеуден бас тартса, тұтынушы сотқа жүгінуге құқылы.


-Баян Төлеубердіқызы, сұхбатқа келіскеніңізге рақмет. Жұмысыңызға табыс тілейміз!



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter