Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Главный имам Мангистауской области поздравляет с наступающим праздником Ораза айт

Просмотров:5417 Опубликовано: 7-08-2013, 11:54
Главный имам Мангистауской области поздравляет с наступающим праздником Ораза айт
Уважаемые мангистаусцы!
С наступающим праздником Ораза айт!
Ораза - Айт один из самых значимых религиозных праздников для каждого Мусульманина, знаменующий завершение священного месяца Рамазан. Этот праздник напрямую связан с идеями духовного совершенствования и добрыми поступками. Его принято отмечать добрыми делами, проявляя заботу о ближних и сострадание к нуждающимся. Согласно мусульманскому преданию, именно в дни Рамадана пророку Мухаммеду были ниспосланы первые отрывки Корана. А во время празднования праздника Ораза Айт каждый мусульманин накрывает дастархан, делится радостью. В эти дни все должны простить друг другу обиды и ходят к друг другу в гости. В это праздник приглашаем всех прочитать Айт намаз. Айт намаз будет прочитан 8 августа в 7:30 утра.
Пусть этот праздник принесет в каждый дом счастья и благополучия!
Пусть наша страна процветает! Единства вам!
Давайте торопится совершать благие дела!
Еще раз с праздником Ораза Айт!

Главный имам Мангистауской области
Тыныштык Мырзаев


Қадірлі маңғыстаулықтар!
Айлардың төресі, күллі мұсылман баласы үшін қасиетті Рамазан айымен қимай қоштасатын күнге де таяп қалдық. Еліміздегі барша мұсылмандар күннің аптапты ыстығына қарамастан, шілде мен тамыз айын жақсы ниетпен, тақуалықпен, оразамен өткізді. Кездескен қиындықтарға сабыр етіп, Жаратушы Иеміздің разылығына ұмтылды. Міне, Рамазанның аяқталғанының құрметіне ұлық мереке Ораза айтты тойлағалы отырмыз. Рамазан – құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке! Айт мерекесі адамның рухани өміріне сәулесін төгіп, жанға жылу беріп, жүректерге қуаныш сыйлайды. Сондықтан жыл сайын бұл мейрамды барша мұсылман сағына күтеді, ерекше қастерлейді. Ораза айты адамдарды бауырмалдылық пен кішіпейілділікке, кешірімділік пен сүйіспеншілікке шақырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Меккеден Мәдинаға көшіп келгенде, жергілікті халықтың мейрамдап, көңіл көтеріп жатқанын көріп: «Бұл қандай мереке?» деп сұрағанда: «Бұл біздің Исламға дейін тойлап келе жатқан мерекелеріміз», - деген жауап естіді. Сонда Расулулла (с.ғ.с..): «Алла сіздерге бұдан да ұлық екі мейрам берді. Олар Рамазан және Құрбан айттары», - деп осы ислами мейрамдардың мәртебелі екендігін білдірген. Ислам шариғатында пітір садақасының осы айт қарсаңында берілуі де жайдан-жай емес. Ораза айттың хадистерде «Ғид-у-лфитр», яғни «Пітір мейрамы» деп аталуы да сондықтан. Пітір садақалар жағдайы нашар, мүмкіндігі шектеулі отбасыларды қуанышқа бөлеп, айт мейрамында дастарқан жаюға жағдайы келмегендерге демеу болады. Сонымен қатар бұл күні мұсылмандар марқұмдарын да еске алып, Алладан оларға шапағат тілеп, дұға етеді.
Айт күнінің өзіне тән жарасымды да сауапты амалдары мол. Бұл күні ғұсыл құйынып, үстіне жұпар иіс сеуіп, айт намазына қатысу – сүннет. Әр үйде сәні мен салтанаты ерекше мерекелік дастарқан жайылады. Мұсылмандар туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаңды аралап, бір-бірінің үйінен дәм-тұз татып, мәре-сәре болады. Ренжісіп қалған кісілермен татуласу, қандай да бір келіспеушіліктің салдарынан қатынас үзілген туыстардың үйлерін арнайы аралау да ерекше маңызды. Сондай-ақ айт құрметіне жайылған ақ дастархан басындағы имани әңгімелер, діни сұхбаттар, «Айт құтты болсын!» деген ақжарды тілектер мереке күнінің нағыз көркі, сәні мен салтанаты. Сан ғасырлардан бері ата-әжелеріміз бір-бірінің үйін аралап, айттық жеп, Құран оқып, бата қайырысқан. Бұл бүгінде жалғасып келе жатқан, әлі де сақтала беретін игі үрдіс. Дәл осы күні балаларды жаңа киім, тәттілер мен сыйлықпен қуантуды дағдыға айналдырсақ, ораза айтты олар да асыға күтетін болады.
Алла тағала бір ай бойы ұстаған оразамызды қабыл етіп, баршамызға екі дүние бақытын нәсіп еткей! Жаратушы Иеміздің шексіз мейіріміне бөленіп, әрбір қайырлы ісіміз Алланың құзырында қабыл болғай! Раббымыздың ризалығына бөленетін салиқалы амалдарды жасауға асығайық, бауырлар! Барша облыс тұрғындарын айт намазын бірге оқуға шақырамын. Биылғы айт намазы 8 тамыз күні сағат 7:30 да оқылады.
Еңбектеген сәбиден еңкейген кәріге дейін барша мұсылман шат-шадыман қуанышқа бөленетін бұл мейрам Қазақстан жұртшылығына да құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін! Барша маңғыстаулықты Ислам үмбетінің ең қасиетті де ұлық мерекесі – Ораза айт мейрамымен құттықтаймын!

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы
Тыныштық қажы Мырзаев

Поделись с другими:

Комментарии ( 1 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю
Aktau-Makhachkala (Посетители) 7 августа 2013 13:13
Присоединяюсь в вышесказанному поздравлению.
Кстати ярмарка у мечети как в 2012 году была, завтра будет?
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter