Маңғыстауда жүргізушілердің ереуілі заңсыз деп танылды

Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасынан хабарлады. Аудандық соттың шешімімен «АКТС» ЖШС жұмыскерлерінің ереуілі заңсыз деп танылды (67 жұмыскерге қатысты).

Қазіргі уақытта сотқа «Трансабис» және «Techno Trading LTD» жұмыскерлерінің ереуілдеріне қатысты талап арыздар да енгізілді.

Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жұмыс беруші жұмыскерлер ереуілдерге қатысуды жалғастырған жағдайда еңбек шартын бұзуға құқылы.

Өткен жылы соттар 17 ереуілді заңсыз деп танып, оған қатысқаны үшін әртүрлі кәсіпорындардың 137 жұмыскері жұмыстан шығарылды.

Облыс бойынша 17 мың жұмыссыз тіркелген.