Каспийге ағылған сазандар

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғыны Әди Бектеміров әлеуметтік желіде бейнеролик жариялады – дрон арқылы биіктен түсірілген роликте Каспий теңізіне бет алған сазан балығының үйірін көруге болады. Бейнероликтің авторы роликтің астына «Бұл сазандарды көргенде таң қалдым. Мұны әлем көруі тиіс» деген жазба қалдырған.

Құрманғазы ауданы – Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағалауына жақын орналасқан аудан. Ауданда балық шаруашылығы дамыған.