Атырау мұнай өңдеу зауытында - жаңа басшы

Ғалымжан Жусанбаев «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Petrocouncil хабарлады. Ғалымжан 2005 жылдан бастап мұнай-газ саласында еңбек етеді.

Әр жылдары «SAT Operating Aktau» ЖШС зауытында бас директор, «Шымкент Мұнай Өнімдері» АҚ компаниясында, «Petro Export» ЖШС-де бас директор болып жұмыс істеді.

Бұрынғы басшы Мұрат Досмұратовтың өкілеттігі берілген өтінішіне сәйкес мерзімінен бұрын тоқтатылды.