Қазақстан Республикасының күніне орай оқушылардың тыл ардагерлерімен кездесуі!!!

18 қазан 2022 жылы Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша "Халық арасында патриотизмді қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін кеңінен насихаттауға бағытталған іс-шаралар жүргізу" тақырыбындағы әлеуметтік жобаны жүзеге асыру барысында "ӘСЕР" қоғамдық бірлестігі мен Ақтау қаласының №28 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары: Биман А., Алтайқызы З., Қанатова А., Бекқали А. және Айтжанұлы Ы. «25 қазан Республика күніне» орай тыл ардагерлері, "Семей ядро" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джулдасов Мухядин және Чернобыль ардагері Абдухалилов Юсуппен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ардагерлердің бастан кешкен оқиғалары және атқарған қызметтері талқыланып, оқушылар мен ардагерлер арасында ерекше байланыс орнатылды. ӘСЕР қоғамдық бірлестігінің атынан ардагерлерге гүл шоқтары және кітап сыйлыққа берілді.









Жарнама ретінде