Қазақстанда жаңа партия мемлекеттік тіркеуден өтті

«Байтақ» саяси партиясының мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде ұйым жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Lada.kz.

«Байтақ» саяси партиясының мемлекеттік тіркеуден өткені жөнінде ұйым жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Lada.kz.

«Байтақ» жасылдар партиясыынң» заңды тіркеуден өткенін ҚР Әділет министрлігі де ресми растап отыр. Азаматхан Әміртай жылдар бойы партияны заңды түрде құруды ойлағанынын айтады. Оның сөзінше партияның негізгі мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, салауатты өмір салтын насихаттау.

Әділетті Қазақстанның алғашқы партиясы - нағыз халықтың қолдауымен, қоршаған орта жанашырларының басын қосқан, азаматтық белсенділердің бастамасымен құрылған «Байтақ» партиясы», - деп жазды азаматхан саяси ұйым жетекшісі Facebook парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін елде ресми тіркелген бес партия болған еді. Олар — Amanat партиясы (бұрынғы Nur Otan), «Ақ жол» демократиялық партиясы, «Қазақстан халық партиясы», «Ауыл» халықтық демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП). Ал «Байтақ» елдегі алтыншы партия болып тіркелді.