2025 жылы Теңізшевройл 10 миллиард долларға жоспар құруда

Chevron корпорациясының басшысы Майк Вирт компанияның 2-тоқсандағы есебін берді. Онда Теңіз кен орнындағы жүзеге асып жатқан жобаларға тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Келешек Кеңею Жобасы-Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы жұмыстарының жалпы прогресі 98 % құраса, іске
қосу-реттеу жұмыстары 68%-ға орындалған.

Жобаның бюджеті мен кестесі өзгермеді: осы жылдың үшінші тоқсанында Келешек кеңею жобасының механикалық аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ, жыл
соңында кен орнын жоғары қысымнан төменгі қысымға ауыстыру басталады, ККЖ іске қосу келесі жылдың ортасында жүзеге асады.

- Біздің қолымыздағы пайдаланылмаған қор жобаны ағымдағы бюджет аясында аяқтауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті. Шеврон басшысы. Аталған жобалар толық іске қосылған соң ТШО тәулігіне 1 миллион баррель мұнай өндіріп, 2025 жылдан бастап 10 миллиард доллар ақша айналымын жасайды деп болжануда (мұнай баррелі 60 доллар болса).