ТШО-ға 2,8 млрд теңге айыппұл салынды

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық экология департаментіне «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға өз бетінше
эмиссиялар шығарып, жерді ластап, рұқсат етілген нормативтерден асып кеткені, сәйкесінше, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке
тарту туралы ұсыныс түсірді. Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық экология департаментіне «Теңізшевройл» ЖШС қоршаған ортаға өз бетінше
эмиссиялар шығарып, жерді ластап, рұқсат етілген нормативтерден асып кеткені, сәйкесінше, экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке
тарту туралы ұсыныс түсірді.

Ең ірі мұнай өндірушіге қатысты Департамент ҚР ӘҚБтК-нің 328 және 337-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасап, материалдар Жылыой аудандық сотына қарау үшін жіберілді.

Жылыой аудандық соты жоғарыда аталған істерді біріккен тәртіппен қарады. Соттың 2023 жылғы 27 шілдедегі қаулысымен «Теңізшевройл» ЖШС-не жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Бірақ компания бұл шешіммен келіспей, өзінің баспасөз хабарламасында Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес Атырау облысы бойынша экология департаментіне Теңіз кен орнында белгілі бір жұмыстарды/қызметтерді орындайтын мердігерлік ұйымдардағы шығарындылар көрсеткіштері туралы ақпаратты уақытылы жібергенін мәлімдеді.

«Тиісті мемлекеттік орган бастамашылық еткен әкімшілік жаза ТШО-ның көптеген мердігер ұйымдардың қоршаған ортаға әсері туралы деректерді енгізу үшін бөлінген
қысқа мерзімдеріне байланысты. ТШО бұл шығарындылар рұқсат етілген шектен асып кетудің немесе экологиялық оқиғалардың салдары еместігіне сендіреді. 2021 жылы ТШО-ның өндірістік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға әсері тиісті мемлекеттік органдар бекіткен лимиттер шеңберінде қалды», - делінген компанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.