Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Самат Базарбайұлы Мусабаевтың Сайлауалды бағдарламасы


 



 

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат

Самат Базарбайұлы МУСАБАЕВТЫҢ

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ


 

Қымбатты жерлестер!

 

Мен қасиетті Маңғыстау жерінде туып-өстім. Туған өлкемнің тарихын да, халқымның басынан өткен  қиын-қыстау кезеңдерді де жақсы білемін. Жоғары оқу орнын бітіріп, өндірістік жұмысқа тұрғаннан бері осы өңірді дамыту жолындағы сан алуан жұмыстарға, әсіресе, халықты баспанамен қамтамасыз етуге, құрылыс саласын дамытуға  белсене араласып келемін. Бұл бағыттағы жетістіктерімді халық біледі. 

ҚР Президентінің биылғы 20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісіне және жергілікті мәслихаттарға депутаттар сайлауын тағайындау туралы Жарлығы шыққаннан кейін облыстық мәслихаттың депутаты болуға бел будым. Өлкемізді жан-жақты дамытудың барлық мәселелері облыстық мәслихат депутаттары арқылы шешіліп келеді. Маңғыстау облысында да шешімін күткен мәселелер жетіп-артылады. Өлкеміздің қай жерінде де тұрғындар өздерін толғандырып жүрген ірілі-ұсақты барлық мәселелерін алдымен өздері сайлаған депутаттарға айтып жатады.  Өйткені, депутат – халық сенімін иемденген тұлға, аманат жүгін арқалаған азамат.

Бүгінгідей күрделі  кезеңде осындай зор сенім мен жауапкершіліктің үдесінен табылу кім-кімге де сын болатынын жақсы сеземін.

Мен сайлаушылардың сенімін иемденіп, депутат деген мәртебелі мандатқа қол жеткізсем, Маңғыстау облысында мынадай өзекті мәселелердің оң шешімдерін табуға жұмыстанатын боламын:

 

1.Экономикалық қайта өрлеу бағыты бойынша:

- Маңғыстауда мұнай өңдеу зауытын салу жөніндегі халықтың ұсыныстарына қолдау көрсету және жүзеге асуына ықпал ету. 

- Отандық өнімдер шығаратын жаңа кәсіпорындар ашуға ықпал ету.  Кәсіпкерлікті дамыту. Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсету;


2. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында:

-Бейнеу-Жетібай-Ақтау асфальтты жолының құрылысын аяқтау;

- Боржақты-Ерсай теміржолының құрылысын аяқтау;

- Құрықтағы паром өткелі құрылысының мерзімінде  аяқталуына депутаттық бақылауды күшейту. 


3. Жаңа әлеуметтік саясат аясында:

-Жергілікті жас мамандарды тұрақты жұмыспен қамту;

-«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша  жас жанұялар мен мүжәлсіз отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету;

-Денсаулық сақтау мен білім берудің үздік әлемдік стандарттарына қол жеткізу;

-Жастар бастамаларын барынша қолдай отырып, олардың тегін оқып, мамандық алуына жағдай жасау. 


4. Этносаралық татулық пен келісімді қорғауда:

- Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлікте қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға атсалысу;

- Облыс көлемінде, әсіресе, Ақтау қаласында мемлекеттік тілдің аясын барынша кеңейту мақсатындағы жұмыстарға бастамашы болу;

- Елбасының «Мәңгілік Ел» идеясының нақты жүзеге асуына, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстарға қолдау көрсету.


5. Сыбайлас жемқорлықпен күресуде:

- Қай салада да жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру.

«Нұротандық» депутаттар алдағы бес жыл ішінде  осы бес бағыт аясында облысымыздың өркендеуіне өздерінің  бұған дейін жинақтаған білім-тәжірибелерін, іскерлік қарым-қабілеттерін аянбай жұмсайды деп сенемін. 

Сонымен қатар, өзім басқарып отырған «Маңғыстау-Құрылыс» Қоғамдық Бірлестігі құрамындағы құрылыс ұйымдарының күшімен облыс аумағында 2016-2018 жылдары 300 мың шаршыметрлік  5000 пәтерді пайдалануға беруге міндеттенемін, сөйтіп, 20 мың тұрғынды баспаналы етпекпіз. Құрылыс алаңдарында қосымша 200 адам жұмыспен қамтылмақ.

Партияның Сайлауалды бағдарламасы алдымызда тұрған  бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.  Реформаларды жүзеге асыру арқылы және Партияның Сайлауалды бағдарламасының толықтай орындалуы арқылы  біз ұлттық сананы өзгертеміз, ота­н­шыл­дықты арттырамыз, ел бірлігін нығайтамыз, Тәуелсіздігіміздің тұғырын нықтай отырып, Қазақстанды өркениетті елдер санатына көтеріп, Мәңгілік Елге айналдырамыз.  


Сондықтан мен жерлестерімді алдағы сайлауға бір кісідей белсене қатысып, елімізді дамытудың көшбасында келе жатқан «Нұр Отан» партиясына, осы саяси партия  ұсынған кандидаттарымызға дауыс беруге шақырамын.

 


 

Мусабаев Самат Базарбайұлы 1969 жылы 1 қаңтарда Маңғыстау облысы Шайыр селосында көпбалалы мұғалімдер отбасында дүниеге келді. 


Шетпе селосындағы №5 КТУ-ды бітіргеннен кейін, 1987 жылы И. Жохаев атындағы Қызылорда Агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына түсіп, 1994 жылы «өндірістік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп, «құрылыс инженері» біліктілігін алды.  


1988-1989 жылы  Кеңес Армиясы қатарында әскери қызметін өтеді.

Еңбек қызметін 1994 жылы «Өзенмұнайгазқұрылыс» АҚ-да шебер болып бастап,  прораб, учаске бастығы, осы қоғамның басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.


2001 жылы «СМК-4» ЖШС-гін құрып, құрылыс саласында жеке  бизнесін бастады.

2012 жылдан бастап құрамында  13 компанияны біріктірген  «Корпорация Каспий Строй-Сервис» ЖШС-нің бас директоры.

Соңғы 15 жылда оның басшылығындағы құрылыс компаниялары мемлекеттік тапсырыспен және NCPOC, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның тапсырыстарымен, сондай-ақ, өзінің жеке инвестициялық қаржысына 100-ден астам әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға берді.


«Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасы бойынша 2012-2015 жылдар аралығында оның компаниялары жеке және несиелік қаржы есебінен Ақтау қаласының 29, 31а, 31б, «Шығыс-2» шағынаудандарында жалпы ауданы 75000 шаршы метрді құрайтын 1500 пәтерді пайдалануға берді.

Мусабаев Самат Базарбайұлы өңірдің алданып қалған үлескерлер мәселесін шешуге араласып, Ақтау қаласының 17 шағынаудандағы көпқабатты монолитті тұрғын үй құрылысын өз қаржысы есебінен жалғастырып салуда. 2016 жылы оның компаниялары жалпы ауданы  60000 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлерді пайдалануға береді. 

Оның стартегиясы «Өмір бар жерде құрылыс та жүреді» деген әкесінің даналық сөзіне құрылған.

Оның тактикасы «Мемлекеттің, жұмысшылардың, достардың, ар мен қадір-қасиеттің алдында материалдық та, моральдық та қарыз болмау».


Мусабаев Самат Базарбайұлы көптеген қоғамдық жұмыстарды атқарып отыр. Ол «Нұр Отан» партиясының қалалық бөлімі саяси кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан осы уақытқа дейін «Маңғыстау Құрылыс» қоғамдық бірлестігін басқарып келеді. «Дзюдо» облыстық федерациясының төрағасы. Соңғы 2 жылда облыстың инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік қажеттіліктерге 70 млн теңге қаржы бөлді. Жүздеген жерлестері - мүгедектер, аз қамтылған отбасылар, балалар үйі, қарттар үйі, ҰОС мен тыл, еңбек ардагерлері, спорт, мәдениет, өнер, әдебиет саласы жұмысшыларына жеке өзі қайырымдылық көмек көрсетті. 

Оның еңбегі еленіп, «Қазақстан Республикасына 20 жыл» медалімен, ҚР құрылыс,  және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Маңғыстау облысы әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің Құрмет Грамоталарымен марапатталды. Қазақстан Республикасының «Құрметті құрылысшы», Маңғыстау облысының «Үздік құрылысшысы» атағын иеленген. «Алтын Ягуар» халықаралық марапатына (бизнестегі мінсіз беделі және қызметтің, тауардың жоғары сапасы үшін) ие болған.

 


 

Қымбатты жерлестер!

Сіздер өз таңдауыңызды дұрыс жасайды деп үміттенемін!

Болашақ қаламызды бірге салайық!

 

  

   
    

 

 

 

ПРЕДВЫБОРНАЯ ПРОГРАММА

кандидата в депутаты Мангистауского областного маслихата

МУСАБАЕВА Самата Базарбаевича


 

Дорогие земляки!

 

Я родился на святой земле Мангистау. Хорошо знаю и историю родного края, и трудные времена, пережитые нашим народом. 

После окончания ВУЗа устроился на работу на производство. 

С тех пор я принимаю активное участие в различных проектах и работах, направленных на развитие нашего региона, особенно в развитии строительной отрасли и обеспечении населения жильем. 

Жители области хорошо знают мои достижения в этом направлении.

После опубликования Указа Президента Республики Казахстан о назначении на 20 марта 2016 года выборов в депутаты Мажилиса Парламента и местных маслихатов Республики Казахстан, я принял решение выдвинуть свою кандидатуру в депутаты областного маслихата. 

Все вопросы всестороннего развития нашего края решаются через депутатов областного маслихата. В Мангистауской области достаточно проблем, ожидающих своего решения. 

Жители области со своими наболевшими, различными проблемами обращаются, в первую очередь, к своим избранным депутатам. Потому что депутат - личность, которому народ доверяет свои наказы.

Я хорошо понимаю, что значит принять на себя такое доверие и ответственность перед народом в непростое время, как сейчас.

Если избиратели окажут мне доверие и я получу почетный мандат депутата, буду работать в направлении положительных решений следующих актуальных для Мангистауской области проблем: 

 

1. По направлению повышения экономического развития:

- Поддержать предложения населения о построении в Мангистау нефтеперерабатывающего завода и способствовать осуществлению этого проекта;

- Способствовать открытию в области новых предприятий, которые будут производить отечественную продукцию; развивать предпринимательство; оказывать поддержку сельским предпринимателям.

 

2. В рамках программы «Нұрлы жол»:

- Завершение асфальтной дороги «Бейнеу – Жетыбай – Актау»;

- Завершение железнодорожной дороги «Боржакты - Ерсай»;

- Усилить депутатский контроль за завершением в срок паромного комплекса в п. Курык.

 

3. В рамках новой социальной политики:

- Обеспечить местных молодых специалистов постоянной работой;

- Содействовать обеспечению жильем молодых и малообеспеченных семей по программе «Доступное жилье-2020»;

- Содействовать достижению мировых стандартов качества здравоохранения и образования в области;

- Поддерживать инициативы молодежи; создать благоприятные условия для получения ею бесплатного профессионального образования и специальности.

 

4. Защита межэтнического мира и согласия:

- Совместно с Ассамблеей народа Казахстана способствовать укреплению в обществе единства и стабильности;

- Быть инициатором работ в целях развития сферы применения государственного языка в области, особенно в городе Актау;

- Оказывать поддержку конкретной реализации идеи Главы государства «Мәңгілік Ел» и работать в целях воспитания молодого поколения в духе уважения к национальным ценностям.

 

5. В борьбе с коррупцией:

- Не допускать коррупционных действий во всех отраслях, формировать у населения нетерпимость к коррупционным действиям.

Я верю, что на протяжении будущих пяти лет «нұротановские» депутаты в рамках этих пяти направлений будут работать для развития нашей области не жалея сил, применяя свои накопленные знания и опыт, деловые качества и способности. 

Вместе с тем я обязуюсь, что силами строительных компаний в составе воглавляемого мной Общественного объединения «Маңғыстау-Құрылыс», в 2016-2018 годах на территории области будет сдано в эксплуатацию 5 000 квартир, площадью в 300 тысяч квадратных метров. Будут обеспечены жильем 20 000 жителей. Дополнительно 200 человек будут обеспечены работой на строительных площадках. 

Предвыборная программа Партии - наша первоочередная общенациональная задача. Через реализацию реформ и полное выполнение предвыборной программы Партии мы изменим национальное сознание, возрастет патриотизм, укрепим единство страны, постамент Независимости, поднимем Казахстан на уровень развитых стран, превратим в Мәңгілік Ел!

 

Поэтому я призываю своих земляков принять активное участие в предстоящих выборах, отдать свои голоса за лидирующую в развитии страны партию – «Нұр Отан» и кандидатов, представленных этой политической партией.



 

Мусабаев Самат Базарбаевич  родился 01.01.1969 г. в селе Шайыр Мангистауской области в многодетной семье сельских учителей.

 

После окончания ПТУ №5 с. Шетпе он в 1987 г. поступил в Кызылординский институт инженеров агропромышленного производства им. И. Жахаева, который окончил в 1994 году по специальности «Промышленно – гражданское строительство», получив квалификацию инженера–строителя. 1988 – 1989 гг. проходил воинскую службу в рядах СА. Трудовую деятельность начал в 1994 г. в АО «ОзенМунайГазКурылыс» мастером. Занимал должности прораба, начальника участка, заместителя начальника управления в этом обществе. 

 

В 2001 году, создав  ТОО «СМК-4», он начал свой бизнес в сфере строительства. С 2012 г. является генеральным директором ТОО «Корпорация Каспий Строй Сервис», объединяющего в своем составе 13 компаний. За 15 последних лет строительные фирмы под его руководством сдали в эксплуатацию более 100 социально значимых объектов по госзаказу и заказам компаний NСРОС и АО «Казахстан Темир Жолы», а также  на свои частные инвестиционные средства. По государственной программе «Доступное жилье -2020» в 2012 – 2015 гг. его компании на свои собственные и заемные средства сдали в эксплуатацию в 29, 31а,31б мкр. и мкр. «Шыгыс-2» г. Актау 1 500 квартир общей площадью 75000 м² жилья. Мусабаев Самат Базарбаевич участвует и в решении проблем обманутых дольщиков региона, за свой счет достраивает многоэтажный монолитный жилой дом в 17 мкр. г. Актау. В 2016 году его компании сдадут в эксплуатацию более 60 000 м² жилья. Его стратегия построена на мудрых словах своего отца: «Где есть жизнь, там всегда будет стройка». Его тактика построена на принципах: не иметь долгов как денежных, так и моральных ни перед государством, ни перед работниками, ни перед другом, ни перед честью, и достоинством. 

 

Мусабаев Самат Базарбаевич ведет большую общественную работу. Он член политического совета городского отделения партии «Нур Отан». С 2007 г. по настоящее время возглавляет Правление общественного объединения «Мангистау - Курылыс», объединяющее 30 строительных компаний региона, является председателем областной федерации «Дзюдо». За последние два года для развития инфраструктуры области и на социальные нужды выделил более 70 млн тенге. Лично оказал благотворительную помощь сотням землякам– инвалидам, малоимущим семьям, детскому дому, дому престарелых, ветеранам ВОВ, тыла и труда, работникам спорта, культуры, искусства и литературы. 

 

Его труд отмечен медалью «20 лет Независимости Республики Казахстан», почетными грамотами комитета РК по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, акима Мангистауской области, акимов городов и районов. Имеет звания «Почетный строитель» Республики Казахстан,  «Лучший строитель» Мангистауской области. Награжден международной наградой «Золотой Ягуар» за безупречную репутацию в бизнесе и высокое качество продукции и услуг.

 


 

 

Дорогие земляки!

Надеюсь, что вы сделаете свой правильный выбор!

Построим город будущего вместе!

 

 

Оплачено из средств республиканского бюджета и средств избирательного фонда кандидата в депутаты.
Ответственное лицо Кубегенов Максат Мырзабекович