Пятница, 26 Апреля
+19...+16
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.22 KZT
  • €1 = 476.38 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

«Шелл Қазақстан» еліміздің үш облысында экологиялық жобаларды қаржыландырмақ

EcoBatys 2.0
«Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосуды көздейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында «EcoBatys 2.0» байқауын жариялайды. Конкурс жеңімпаздары экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты гранттарға ие болады.

Жоба жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. «Шелл-Қазақстан» компаниясы әр облысқа үш гранттан бөледі. Әр жобаға 7 млн теңгеден барлығы 9 жоба іріктеліп алынады.

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамалары 2023 жылдың сәуір-қазан айларында жүзеге асырылады. «EcoBatys 2.0» байқауы 2023 жылдың 16 қаңтарында басталады.

Мемлекеттік емес гранттарды бөлудің мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын ілгерілету, сондай-ақ «Шелл» концернінің табиғатқа қамқорлық жасауды көздейтін «Дамуға арналған энергия» жаңа стратегиясын қабылдауы.

«Шелл Қазақстан» компаниясы өзі қызмет ететін Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етіп, оған қоғамды тарту арқылы еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге үлес қосу туралы шешім қабылдады.

Байқауға өтінімді үш басым бағыттың бірі бойынша жіберуге болады: су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану; жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдалану; биологиялық әртүрлілікті және экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану. Әр басым бағыт бойынша бір жоба таңдалып алынады. 2023 жылы «Шелл Қазақстан» компаниясы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына үш гранттан бөледі.

Бұл – жоба серіктестері «Шелл Қазақстан» компаниясы мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы демеп отырған екінші байқау. 2023 жылы жоба ұйымдастырушылары үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамаларын қолдауды жалғастыру және «EcoBatys2.0» жобасы үшін жаңа гранттық байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау ерекшеліктерінің бірі «Эко-инкубаторды» енгізу болмақ. Конкурс 2 кезеңнен тұрады, оның бірі оқыту бөлімі болмақ. «Эко-инкубатор» аясында үміткерлер әлеуметтік жобалау және экологиялық салалардағы әлеуетті арттыру және гранттық өтінімдерді күшейту үшін оқу семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн түрде таныстыру және бағалау, сондай-ақ грант иегерлерін іріктеу жүргізіледі.

Байқау ережелерімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында танысуға болады: www.cisc.kz.

Байқау қорытындысы оператордың ресми интернет-ресурсында жарияланады. Барлық өтінімдер 2023 жылғы 16 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://cisc.kz/kk/47253-47253.html

Анықтама үшін:

Негізінен декарбонизация мәселелеріне мән берілетін «Шелл» компаниясының «Дамуға арналған энергия» стратегиясы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді көздейтін мақсатына сәйкес келеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ҚР Үкіметі стратегиялық құжат – Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасын әзірлеуде. Қазақстанның көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың тұрақтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, экологиялық таза, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін электрлендіру және кең ауқымды пайдалану арқылы қол жеткізілетін болады.

ҚР-дағы ірі инвесторлардың бірі бола отырып, «Шелл» компаниясы экологиялық бастамаларды қолдау арқылы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның өз алдына қойған мақсатын қолдайды. «Дамуға арналған энергия» стратегиясы шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі – «табиғатқа қамқорлық жасау». Бұл міндет төрт басым бағытта жүзеге асырылады: биоалуантүрлілік, су, айналмалы экономика және қалдықтарды басқару, ауа сапасы.

Сондықтан «Шелл» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоғамдық ұйымдарын жергілікті экологиялық бастамаларды іске асыру мақсатында гранттар бағдарламасына қатысуға шақырады.



«Шелл Қазақстан» еліміздің үш облысында экологиялық жобаларды қаржыландырмақ


«Шелл Казахстан» профинансирует экологические проекты в трех областях Казахстана


Компания «Шелл Казахстан» совместно с Центром поддержки гражданских инициатив объявляют конкурс «EcoBatys 2.0» на предоставление грантов в целях реализации экологических проектов для неправительственных организаций (НПО), желающих внести свой вклад в решение экологических задач.

Проект направлен на улучшение окружающей среды в Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областях путем повышения потенциала местных неправительственных организаций. Компания «Шелл-Казахстан» выделит по три гранта в каждой области. Всего будет выбрано 9 проектов - по 7 миллионов тенге на проект.

Экологические инициативы казахстанских НПО будут реализованы в апреле-октябре 2023 года. Конкурс «EcoBatys 2.0» стартует 16 января 2023 года.
Целью выделения негосударственных грантов стало продвижение стратегии Казахстана по достижению углеродной нейтральности к 2060 году, а также принятие концерном «Шелл» новой стратегии «Энергия для прогресса», одной из основных задач которой является забота о природе. 

Содействовать решению экологических задач страны решено посредством привлечения общественности к реализации инициатив, направленных на улучшение окружающей среды в Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областях, которые являются регионами деятельности компании «Шелл Казахстан».
Отправить заявку на конкурс можно по одному из трех приоритетных направлений: охрану и рациональное использование водных ресурсов; защиту и восстановление земельных ресурсов, устойчивое землепользование; сохранение и рациональное использование биологического разнообразия и экосистем. В каждом из приоритетных направлений будет выбран один проект. В 2023 году компания «Шелл-Казахстан» выделит по три гранта в Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областях.

Это уже второй конкурс, который вдохновил партнеров проекта: компанию «Шелл-Казахстан» и Центр поддержки гражданских инициатив. В 2023 году организаторы решили продолжить поддержку экологических инициатив НПО и объявить новый конкурс грантов по проекту «EcoBatys2.0». Одним из новшеств конкурса станет внедрение «Эко-инкубатора». Конкурс будет проведен в 2 этапа, одним из которых станет обучающий компонент. В рамках «Эко-инкубатора» заявители пройдут семинары-тренинги для повышения потенциала в сфере социального проектирования, экологических сферах и усиления грантовых заявок. Во втором этапе состоится онлайн-презентация и оценка заявок, прошедших первый этап, и определение грантополучателей.
Положение о конкурсе доступно на сайте Центра поддержки гражданских инициатив www.cisc.kz.

Итоги конкурса будут опубликованы на официальном интернет-ресурсе оператора. Все заявки принимаются по электронной почте https://cisc.kz/kk/47253-47253.html с 16 по 30 января 2023 года до 18.30 по времени Астаны.

По всем интересующим вас вопросам можете обращаться к менеджерам Центра по номерам 8 (717 2) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07. Подробнее о конкурсе можете узнать по ссылке: https://cisc.kz/kk/47253-47253.html

Справочно:

Стратегия «Шелл» «Энергия для прогресса», в которой основное значение придается вопросам декарбонизации, соответствует амбициям Казахстана достичь углеродной нейтральности к 2060 году. Для достижения данной цели Правительство РК разрабатывает стратегический документ – Доктрину углеродной нейтральности Казахстана до 2060 года. Углеродная нейтральность Казахстана будет достигнута путем повышения устойчивости землепользования и водопользования, энергетической эффективности экономики, электрификации и широкомасштабного использования экологически чистых, в том числе возобновляемых источников энергии.

Являясь одним из крупных инвесторов в РК, компания «Шелл» поддерживает поставленную Казахстаном цель по достижению углеродной нейтральности к 2060 году посредством поддержки экологических инициатив. В рамках стратегии «Энергия для прогресса» одной из основных задач является «Забота о природе». Эта задача выполняется в четырех приоритетных областях: биоразнообразие, вода, циркулярная экономика и управление отходами, а также качество воздуха.
Именно поэтому компания «Шелл» совместно с Центром поддержки гражданских инициатив приглашает общественные организации Западно-Казахстанской, Атырауской и Мангистауской областей принять участие в программе грантов с целью реализации местных экологических инициатив.


Партнёрский проект



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Комментарии закрыты