Алик Айдарбаев поздравил женщин Мангистау с праздником

Қымбатты аналар!
Қадірлі қыз-келіншектер!


Дүниеге арайлы нұрын шашқан керімсал көктемнің алғашқы шуағымен қатар келген мерекелеріңіз құтты болсын!
Көктем шырайлы шуағымен табиғатты оятып, оған тіршілік қуатын берсе, аналар адамзатқа өмір сыйлайды. Осы екі құдыретті күште ғажайып тылсым бір байланыстың бар екені анық.
Исі мұсылман әлемінің маңдайына басқан Ұлы кітабында: «Алдымен кімді құрметтеуім керек?» деген сауалға - «алдымен анаңды, тағы да анаңды құрметте және тағы анаңды құрметте», «Ұжмақ анаңның аяғының астында» - деп жазылған.
Дүниеде адам баласына анадан абзал, анадан ардақты тұлға жоқ. Әрбір шаңырақ ананың мейірімді «айналайыны» мен балалардың шат күлкісіне шомылғанда ғана бақыт ордасына айналады.
Біздің қоғамымызда әйел-аналар орасан ықпалды күш. Өмірімізде олар араласпайтын бірде-бір сала жоқ деуге болады. Әйелдер жүрген еңбек ұжымында адалдық, ұқыптылық пен іскерліктің белгілері айқын аңғарылып тұрады.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев түрлі шешімдерді қабылдауға әйелдер қауымы көбірек араласқан сайын ол шешімдердің сапасы арта түскенін атап көрсетуі осының айғағы.
Біз әйел-аналардың қоғамымыздағы белсенділігін көтеру беру бағытында қолдан келгеннің бәрін жасайтын боламыз. Аналардың өз бойларындағы қарым-қабілеттерін көрсетулеріне жан-жақты мүмкіндіктер туғызылады.
Қымбатты аналар, қадірлі қыз-келіншектер, Сіздерді төл мерекелеріңіз – Халықаралық әйелдер күні 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Баршаңызға шын жүректен бақыт пен мейірім, татулық пен келісім, отбасы берекесі мен мықты денсаулық тілейміз. Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі әйел-арулар!


Құрметпен,
облыс әкімі А.Айдарбаев



Дорогие женщины!

Поздравляю вас с Международным женским днем 8 Марта!
В этот весенний день традиционно мы посвящаем самые теплые слова нашим матерям, супругам, дочерям и сестрам. Без всякого преувеличения, вы – главное богатство нашей области, ее душа и ее будущее!
В Мангистау становится все больше женщин, достигших значительных успехов в обществе. И это радует! Представительницы прекрасного пола сегодня являются влиятельной силой в бизнесе и политике, научно-производственной и социально-культурной сферах.
Созидательную роль женщины в современном обществе трудно переоценить. Во все времена на хрупких женских плечах держались мир и согласие не только в семьях, но и в стране. Именно вы помогаете нам, мужчинам, осознать наиболее глубоко жизненно важные ценности: гуманизм, умение сострадать чужой боли, любовь и всепрощение.
Особого уважения заслужили женщины старшего поколения – ветераны войны и труда, которые, не жалея сил, работали во благо страны в самое тяжелое время.
От всей души поздравляю вас с Международным женским днем 8 Марта!
Пусть в этот праздничный весенний день в вашу честь звучат самые теплые слова!
Желаю крепкого здоровья, счастья, благополучия и всеобщего поклонения!
С праздником, вас – дорогие женщины!

С уважением, аким области Алик Айдарбаев.