Пятница, 26 Апреля
+19...+16
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.22 KZT
  • €1 = 476.38 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Жаңаөзенде жарылыс болған үйдің тұрғындары өз болжамын айтты

«Ауыз су құбырын ауыстырып жатқанда газ құбырын зақымдап алған». Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің тұрғындары апатқа қатысты осындай олжам айтып отыр. Айтуларынша мердігер мекеме үй маңындағы ауыз су құбырын ауыстырыпты. Сол кезде жер астында жатқан газ құбыры тесіліп қалған көрінеді, деп хабарлайды lada.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Автордың фотосы
Жарылыс болған үйдің маңын қоршап тастаған. Себебі бұл үй енді тұруға жарамсыз. Далада қалған жұрт жарылысқа қалада ауыз су құбырын тартқан құрылысшыларды кінәлап отыр. Айтуларынша осыдан мердігер компания осы маңдағы ауыз су құбырын ауыстырған екен. Сол кезде газ құбырына байқаусызда зақым келуі мүмкін дейді тұрғындар. Себебі құбыр ауыстырылғалы үйдің маңынан газ иісі шыға бастаған.

Жаңаөзенде жарылыс болған үйдің тұрғындары өз болжамын айтты


-Бір ай бұрын 2-ші шағынауданның айналасында мына «Сапаровскийдің» артында су құбырын жүргізіп бастады. Сол уақытта қазу жұмыстарын жүргізгенде осы 2-51-дің артында жарылыс болған үйдің артында «ГРП»(газ-распределитель) бар. Соған жолдың арғы бетінен келіп тұрған құбыр бар 150 милиметрлік. Соның үстіне бұлар құбырды тастап көміп тастады. Содан бастап көміп тастаған соң иіс пайда болды, дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Нұрлан Исатаев.

Бір ажалдан аман қалған тұрғындар туыстарын жағалап жүр. Олар жергілікті биліктен тезірек жаңа қоныс тауып беруін сұрап отыр.

-Үйіміз тұруға мүмкін емес. Қабырғалары сынып, төбесі қақырап түсіп жатыр. Едені айырылып жатыр. Жертөлеге түсіп кетті. Ендігі мәселеміз жауаптылардың өздері уәде бергендей біздің үйімізді шешсе. Тұруға жарайтындай үй алып берсе дейміз. Сосын ауыр жағдайда жатқандарға көмектессе деп сұраймыз, дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Дидар Ботабаева.

Жарылыстан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Бірінің жағдайы күрт нашарлап, Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген. Ал Жаңаөзен қалалық көпбейінді аурухананың жан сақтау бөлімінде жатқан екі науқастың жағдайы да ауыр дейді дәрігерлер. Оның бірі жүкті келіншек екен. Қатты шошынған науқас түсік тастаған.

-Екеуінің жағдайы өте қатаң. Екеуі де өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Дәрігерлердің қарауында жан сақтау бөлімінде жатыр. Біз қазіргі таңда Ақтаудағы ауруханадан мамандарды күтіп отырмыз. Травмотолог, реаниматолог, кардиолог сосын бас мамандар бізге келуі керек. Травмотология бөлімінде үш науқас бар. Оның бірі 1965 жылғы науқас болса, қалған екеуі оқушы. Олардың жағдайы орташа, дейді Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Раушан Жапарова.

Ал жергілікті әкімдік баспанасыз қалған тұрғындарды далаға тастамаймыз дейді.

-Бұл үй 1977 жылы салынған. Ауызекі тілде бұл үйлер «Сапаровский» деп айтылады. Негізінен үй 12 отбасыға шақталған. Тұрғындардың өздерінің қосып алу кеңейтуіне байланысты 9 жанұя тұрады. Тұрғындар қазір өздерінің өтініштері және келісімдерімен туыстарының үйінде жүр. Бүгінгі таңда «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ өкілдерімен Жаңаөзен қаласында жарылыстан зардап шеккен тұрғындардың барлықтарына бірдей яғни 2-3 бөлмелі пәтер өз үйінің өлшемдеріне сәйкес қаралды. Тұрғындардың келісімдеріне қарай бірге сол үйлердің қарайтын боламыз, дейді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жансейіт Қайнарбаев.

Шенеуніктер жарылыстан зардап шеккен 9 отбасының барлығына үй алып береміз деп уәде берді. Тіпті бейсенбі күні жаңа пәтердің кілттерін
табыстамақшы.

Еске сала кететейік, 17 сәуір күні таңғы сағат 04:00 шамасында Жаңаөзенде 2-шағынауданда орналасқан екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Салдарынан 150 шаршы метр аумаққа зиян келген. Жарылыстан төрт адам қайтыс болды.

Жаңаөзен



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter