LADA.KZ чатының ережелері / правила чата LADA.KZ
LADA.KZ чатының ережелері — Ақтау және Маңғыстау жаңалықтары
Бұл Lada.kz оқырмандарының чаты. Мұнда Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жаңалықтарын талқылаймыз, байқағанымызбен бөлісеміз және мәселенің мәні бойынша пікірталасамыз. Қазақ немесе орыс тілінде жаза беріңіз. Әңгімелесушілерге құрметпен айтылған кез келген пікірге қуаныштымыз.
Рұқсат етіледі
- Жаңалықтарды, мемлекеттік органдардың, әкімдіктің, коммуналдық қызметтердің және бизнестің жұмысын талқылау
- Билік пен ұйымдардың шешімдері мен әрекеттерін дәлелді түрде, қорлаусыз сынау
- Өңірге қатысты фото, бейне және сілтемелермен бөлісу
- Қала мен облыстағы мәселелер туралы хабарлау: жол, ТКШ, көлік, экология
Тыйым салынады
- Чат қатысушыларын балағаттау, кемсіту және қудалау
- Боқтық сөздер, соның ішінде бүркемеленген түрі (жұлдызшалар, әріп ауыстыру)
- Ұлтаралық, дінаралық, әлеуметтік, рулық және нәсілдік араздықты қоздыру
- Жынысына, жасына, ұлтына, дініне, шыққан тегіне қарай кемсіту
- Зорлық-зомбылыққа, экстремизмге, заң бұзуға шақыру
- Порнография және сексуалдық сипаттағы материалдар
- Ескертусіз жарияланған қатыгездік көріністері мен шок-контент
- Басқа адамдардың дербес деректерін жариялау: телефон, мекенжай, құжат суреті, жеке хат-хабар
- Әдейі жалған ақпаратты және фейктерді шындық ретінде тарату
- Әкімшілікпен келісілмеген жарнама, спам, басқа чаттар мен арналарға сілтеме
- Билікшіл де, оппозициялық та саяси партиялар мен қозғалыстарды үгіттеу
- Бот қосу және флуд: бірдей хабарламалар, қатарынан стикерлер, мазмұнсыз дауыстық хабарламалар
Жаза
- 1-бұзушылық үшін ескерту беріліп, хабарлама жойылады
- 2-бұзушылық үшін 24 сағатқа жазуға тыйым салынады
- 3-бұзушылық үшін бан беріледі
- Ескертусіз біржола бан берілетін әрекеттер: порнография, зорлық-зомбылыққа шақыру, араздық қоздыру, спам мен жарнама, басқалардың дербес деректерін жариялау
Әкімшілік ережені немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын хабарламаларды жоюға құқылы. Әкімшілердің шешімдері чатта талқыланбайды. Шешіммен келіспесеңіз, әкімшіге жеке хабарлама жазыңыз.
Жаңалығыңыз бар ма? Редакцияға жіберіңіз: wa.me/+77778338822 немесе Telegram t.me/lada_kz
Чат редакцияның орнын баспайды: хабарламаңыз чатқа жазылды деген сөз журналистер оны көрді деген сөз емес.
Чат пен арнадағы жарнама бойынша: https://www.lada.kz/advertising
Чатта қалу арқылы сіз осы ережелермен келісесіз.
LADA.KZ әкімшіліг
Правила чата LADA.KZ - Новости Актау и Мангистау
Это чат читателей Lada.kz. Здесь обсуждают новости Актау и Мангистауской области, делятся наблюдениями и спорят по существу. Пишите на казахском или русском. Мы рады любой точке зрения, если её высказывают с уважением к собеседникам.
Можно
- Обсуждать новости, работу госорганов, акимата, коммунальных служб, бизнеса
- Критиковать решения и действия властей и организаций, аргументированно и без оскорблений
- Делиться фото, видео и ссылками по теме региона
- Сообщать о проблемах в городе и области: дороги, ЖКХ, транспорт, экология
Запрещено
- Оскорбления, унижение и травля участников чата
- Нецензурная лексика, в том числе завуалированная (звёздочки, замена букв)
- Разжигание межнациональной, межрелигиозной, социальной, родовой и расовой розни
- Дискриминация по полу, возрасту, национальности, вере, происхождению
- Призывы к насилию, экстремизму, нарушению закона
- Порнография и материалы сексуального характера
- Сцены жестокости и шок-контент без предупреждения
- Публикация чужих персональных данных: телефонов, адресов, фото документов, личных переписок
- Заведомо ложная информация и фейки, выдаваемые за факт
- Реклама, спам, ссылки на другие чаты и каналы без согласования с администрацией
- Агитация за политические партии и движения, как провластные, так и оппозиционные
- Добавление ботов и флуд: однотипные сообщения, стикеры подряд, бессодержательные голосовые
Санкции
- 1-е нарушение: предупреждение и удаление сообщения
- 2-е нарушение: запрет писать на 24 часа
- 3-е нарушение: бан
- Сразу бан навсегда без предупреждения: порнография, призывы к насилию, разжигание розни, спам и реклама, публикация чужих персональных данных
Администрация может удалять сообщения, которые нарушают правила или законодательство Республики Казахстан. Решения администраторов в чате не обсуждаются. Если вы не согласны с решением, напишите администратору в личные сообщения.
Есть новость? Присылайте её в редакцию в whatsapp wa.me/+77778338822 или Telegram t.me/lada_kz
Чат не заменяет редакцию: сообщение в чате не означает, что журналисты его увидели.
Реклама в чате и на канале: https://www.lada.kz/advertising
Оставаясь в чате, вы соглашаетесь с этими правилами.
Администрация LADA.KZ