Маңғыстаулықтар мамандандырылған ХҚКО жұмысына шағымданды

Маңғыстаулықтар жүргізуші куәлігін алу үшін тапсыратын тәжірибелік емтихан кезінде «С1» санаты бойынша жүргізетін көліктің жиі бұзылып қала беретініне шағымданды, деп хабарлайды Lada.kz. Шағымданушылардың айтуларынша алыс ауыл, аудандардан келіп, емтихан машинасына жете алмай, кезегін күтіп жүргендеріне бірнеше апта болыпты. Тіпті кезекте 90-ға жуық адам тұрған көрінеді. Олар апта сайын келіп, кезекті күтіп тапсыра алмай кетеміз деп отыр.

-29 қараша сағат 14:57 Ақтау қаласы. Мынау Ақтау қаласында «С1» санаты бойынша тәжірибелік емтихан тапсыратын көлік. Нөмірі 011 DGZ 07. Осындай жағдайда. Күніне үш адам ғана тапсырады. Қалған уақытта бұзылып тұрады. Сервис жоқ. 90 адам кезекте тұр, дейді видеода Бейнеу ауданынан емтихан тапсыруға келген тұрғын.



Наразылардың айтуынша, тәжірибелік емтиханды күніне тек үш адамнан артық ешкім тапсыра алмайтын көрінеді. Себебі, үш адамнан кейін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары көлік істен шықты дейді екен.

Lada.kz редакциясы мамандандырылған ХҚКО ресми жауап күтеді.