Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда әскерилер өздеріне тиесілі бірыңғай тұрғын үй төлемдерін ала алмай жүр

Ақтауда келісімшарт бойынша еңбек еткен әскери қызметшілер 10 айдан бері бірыңғай тұрғын үй төлемдерін ала алмай жүр. 51809 әскери бөлімінде қызмет етіп, келісімшарты аяқталған соң жұмыстан шыққан қызметшілердің саны 20-ға жуықтайды. Айтуларынша, келісімшарт бойынша әскери бөлім әрқайсысының «Отбасы банкіндегі» арнайы жинақ шотына тиісті ақшаны жіберу керек екен. Алайда әлі ақша жіберілмеген көрінеді. Әскери бөлімдегілер жұмыстан шыққандардың барлығына мамыр айында төленеді деп уәде берген. Бірақ бәрі сөз күйінде қалған сыңайлы дейді наразылар.

Liter.kz
-Ақтаудағы 51809 әскери бөлімінде 2014 жылдан бері жұмыс жасадым. 2022 жылдың наурыз айында келісімшарт аяқталып, жұмыстан шықтым. Шарт бойынша бірыңғай тұрғын үй төлемін беру керек еді. Бірақ әлі бермеді. Үш кредитім бар. Төрт баланы асырау керек. Менің жұмыс жасаған жылыма және отбасылық жағдайыма байланысты 3 млн теңгедей ақша аудару керек. Қазір жұмыссызбын. Кредиттерімді жабу керекпін, деді 51809 әскери бөлімінің бұрынғы қызметкері Миржан Ақажанов.

Ақтауда әскерилер өздеріне тиесілі бірыңғай тұрғын үй төлемдерін ала алмай жүр



Бұрынғы әскери қызметшілердің айтуынша, желтоқсан айында әскери бөлім мен жауапты министрлік барлық есеп-қисапты жабады екен. Сондықтан өзімізге тиесілі төлемді мүлдем ала алмай қаламыз ба деп қорқады. Әскерилер арыз жазып құзырлы органдарға бардық деп отыр. Бірақ 51809 әскери бөлімінің басшылығы ҚР Қорғаныс министрлігінен төлемге өтінім жібергенін айтқан. Алайда ҚР Қорғаныс министрлігі ақша жоқ депті. Наразылардың айтуынша, қаңтар, наурыз айында жұмыстан шыққан 3-4 әріптесі тиісті ақшаны алған көрінеді.

Ақтауда әскерилер өздеріне тиесілі бірыңғай тұрғын үй төлемдерін ала алмай жүр




-Жылдың басында шыққан кейбір әріптестеріміз тиісті ақшасын алды. Біздерге әлі бермей жатыр. Неге олай адамды алалайды? Бюджетте ақша жоқ деп түрлі сылтау айтады. Біздің ақшамызды кешіктіріп жатыр. 2014 жылы қыркүйек айында жұмысқа кірдім. Келісімшарт аяқталған соң, бірыңғай тұрғын үй төлемі беріледі деген. Биыл қыркүйек айында келісімшарт аяқталып, жұмыстан шықтым. Тиісті өтемақыны әлі ала алмай жүрмін. Кредиттерім бар. Маған 8 млн теңгедей шығу керек. Егер тисті ақшаны аударса, сол ақшаға үй алып алайын деп едім. Төрт балам бар. Пәтер жалдап тұрамыз, дейді 51809 әскери бөлімінің бұрынғы қызметкері Бекболат Еңсегенов.

Lada.kz редакциясы Маңғыстау облыстық Қорғаныс істері департаменті мен 51809 әскери бөлімінің басшыларынан ресми жауап күтеді.

Ақпарат үшін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштерінің 51809 әскери бөлімі - әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін дайындаумен айналысады.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 1 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю
User_181 (Посетители) 21 ноября 2022 17:27
Надо подождать немного. В конце года всех рассчитать должны, так обычно бывает
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter