Пятница, 26 Апреля
+19...+16
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.22 KZT
  • €1 = 476.38 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Мамандандырылған ХҚКО: «С1» санатына емтихан тапсыратын көлік жөндеуден өткізілуде

Ақтаудағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығындағы «С1» санатына тәжірибелік емтихан тапсыратын көлік жөндеуден өткізілуде. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Источник: 2gis
Жауаптылардың айтуынша, тәжірибелік «С1» санатына емтихан тапсыратын көлік 29 қараша күні істен шыққан. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ операциялық департаментіне хабарланған. Мамандардың айтуынша, тәжірибелік емтихан тапсыратын автодромға қызмет көрсетіп, жөндеу жұмыстарымен айналысатын жауапты мекеме «Adrome automation» ЖШС Алматы қаласында орналасқан. Қазіргі таңда аталған мекеме өкілдері орын алған ақауды реттеу үшін Ақтау қаласына келіп, көлікті жөндеу жұмыстарымен айналысып жатыр екен. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің айтуынша, көлік бұзылмай тұрған кезде бір күнде 20-ға жуық адам сынақ тапсырады.

-Көлік жүріп тұрған уақытында күніне 20-ға жуық қызмет алушыға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, емтихан алды сынағынан өту үшін де күніне 5-10 адам осы көлікпен емтихан тапсыруға алдын ала дайындалады. Емтихан тапсыруға кезек электронды түрде жүргізіледі. Яғни, қағазға қолмен жазылған кезекпен емес. Расында соңғы кезде «С1» санатына емтихан тапсырушылар саны күрт көбейгенін растаймыз, дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Lada.kz редакциясы маңғыстаулықтардың Ақтаудағы мамандандырылған ХҚКО шағымданғанын жазған болатын.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 2 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
-1
  • Дизель
Не поддерживаю Поддерживаю
Adai11 (Посетители) 30 ноября 2022 13:45
1-2 кун бурын, сагатын жазып
 
-1
  • Дизель
Не поддерживаю Поддерживаю
Adai11 (Посетители) 30 ноября 2022 13:04
Емтихан тапсыруға кезек электронды түрде жүргізіледі - оны оператор жасайма немесе егов аркылы тыркелуге болама??????
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter