Среда, 24 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ш.Есенов университетінің мұғалімдері тұрғын үйін даулап жүр

Ақтауда Шахмардан Есенов университетінің оқытушылары қызметтік пәтерін даулап жүр. Айтуларынша 2008 жылы оқу орнының шақыртуымен келген профессорлар мемлекет берген пәтерін аттарына өткізе алмай әлек екен, деп хабарлайды lada.kz.

Соттың шешіміне қатысты үйді шешу мәселесін біз қазір жұмыстанып жатырмыз.
Университет оқытушыларының айтуынша, 2008 жылы 11 профессор Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы шақыртумен келген. Сол кезде оларға қаладан қызметтік пәтер берілген. Бірақ атына өткізбеген. 10 жылдан кейін жеті оқытушы тұрғын үйді жекешелендіру бойынша құзырлы орындарға сауал жолдап, 2016 жылы тұшымды жауап алған. Алайда жоғары оқу орны пәтерді олардың атына өткізуге асықпайтын көрінеді. Университет оқытушылары былтыр да оқу орнын сотқа беріп, сот процесін жеңіп шыққан екен.

- Заңға сәйкес ҚР азаматы сол пәтерде тұратын болса, коммуналдық төлемдерді төлеп тұратын болса, ол жекешелендіруге құқығы бар. 2022 жылы Ақтау қалалық азаматтық сотына арызданып өз өтінішімізді бергенбіз. Бұл соттың шешімі бойынша біздің талап-арыздарымыз қанағаттандырылып, тұрып жатқан үйлерімізді жекешелендіру бойынша оң шешім шыққан. Бұл жерде университет мұндай механизмді білмейміз, практикада мұндай тәжірибе бірінші рет болып жатыр деп біржақты жауап беріп отыр, дейді Ш. Есенов университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Әсет Түркменбаев.


-2008 жылы бізді Қазақстанның түкпір-түкпірінен қызметтік пәтер беріледі деп жұмысқа шақырды. Сол кездегі ректор бес жылдан кейін қызметтік пәтерді жекешелендіруге рұқсат беремін деген уәде берген еді. Одан кейін ол ректорымыз кетіп қалды. Содан соң, облыс әкімдігі пәтерді қайтып аламыз деді. Біз хат жазып, құзырлы органдарға айтып, облыс әкімдігі біздің жағдайымызды түсініп, арнайы жолдамамен келген оқытушыларға өздері тұрып жатқан пәтерді беру үшін университетке хат жазады. Университет пәтерлерді қабылдап алады. Бірақ әлге дейін жекешелендіруге рұқсат бермей келеді. Университетте 13 жыл жұмыс істедім. Үйді жекешелендіруге жүгіріп жүргенімізге 7-8 жыл болды, дейді физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрлан Нарбеков.

Ал университет басшылығы болса, бәрі біздің қолымызда емес деп ақталды. Айтуларынша бірнеше жерден рұқсат алу керек көрінеді.

- Соттың шешіміне қатысты үйді шешу мәселесін біз қазір жұмыстанып жатырмыз. Біздің бас акционеріміз бар. ҚР Ғылым жыне жоғары білім министрлігі және ҚР Қаржы министрлігінің жекешелендіру мемлекеттік комитетінен заңда қайшылықтар болуына байланысты екі органның жауабын күтіп отырмыз. Бір мемлекеттік орган яғни ҚР білім және ғылым министрлігінен хат келді. Қазір екінші мемлекеттік органнан күтіп отырмыз. Осы хаттар келгеннен кейін ары қарай қосымша хабарланатын болады, дейді Ш. Есенов университетінің заңгері Жеңісгүл Досай.

Университет заңгері оқытушыларға үйді жекешелендіру үшін арнайы орындардан рұқсат алғанша күту керек деп отыр.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter