18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
10.02.2023, 11:19

МӘМС аясында 100 мыңнан астам маңғыстаулыққа тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді

Общество 0 1 982 Эшметова Светлана
Маңғыстауда 2022 жылы медициналық сақтандыру бойынша 109 133 тұрғынға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 79 980 бала. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық стоматология орталығының директоры Қуат Машырықов хабарлады.
Ал, тіс емдеу бағаларын көру үшін  «Stom – mangystau.kz» сайтына тіркелуге болады
Ал, тіс емдеу бағаларын көру үшін «Stom – mangystau.kz» сайтына тіркелуге болады
Спикердің айтуынша, 1-шағынаудандағы облыстық стоматологиялық орталық Маңғыстау облысындағы стоматологиялық қызметтердің барлық түрлерін көрсетуге лицензиясы бар жалғыз емхана. Клиникада міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және стоматология бойынша тегін медициналық көмектің көлеміне кепілдік берілген (ТМККК).

- Бүгінде тіс емханасында 136 маман бюджетте қызмет көрсетеді. Жеке клиникалармен салыстырғанда арнайы мемлекеттің бақылауында болғандықтан баға шегі бар. Мысалы, емханадағы ең төменгі баға 5000 теңгеден басталады. Ортодонтиялық қызметтер, яғни брекет салдыру ақылы түрде жүзеге асырылады, - деді Қуат Машырықов.

Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған аналарға, әлеуметтік көмек алатын жандарға 10% дан 20% дейін жеңілдіктер бар. Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі балаларға және жүкті әйелдерге жоспарлы түрде тегін стоматологиялық көмек көрсетіледі.

Спикердің айтуынша, стоматологиялық орталықта 2022-ші жылы 2101 жүкті әйел тегін емделген. Солардың бірі, Ақтау қаласының 31 жастағы тұрғыны Жанар Қамидолла.

- Жүктілігімнің 30 аптасында тістерім мазалап жүрді. Кешкі уақытта тіс ауруы қатты күшейіп, шыдатпай бастады. Бірден облыстық стомотологиялық орталықтың көмегіне жүгіндім. Тіс дәрігерлері жедел көмек көрсетіп, 2 күннен кейін уақытша пломба орнатып берді. Шыны керек, қарым-қатынастарына сондай риза болдым, - дейді тұрғын.

Айта кетейік, тұрғындар таңғы сағат 8:00-20:00-ге дейін және кезекші дәрігерге түңгі сағат 24:00-ге дейін қарала алады. Ал, тіс емдеу бағаларын көру үшін «Stom – mangystau.kz» сайтына тіркелуге болады.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.