18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
12.01.2024, 20:46

Жаңа кен орындары табылмаса, 2030 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі құлдырайды

Общество 0 2 021 Эшметова Светлана
Бұл туралы мұнай және газ саласының сарапшысы Абзал Нарымбетов Курсивқа берген мақаласында жазды.
Абзал Нарымбетов
Абзал Нарымбетов
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2023 жылы Қазақстанда өндірілген мұнайдың 34%-ы Италияға экспортталды. Нидерланды біздің елде өндірілген мұнайдың – 9%-ын, Қытай – 8%-ын, Оңтүстік Корея – 8%-ын сатып алды. Румыния – 7%, Франция – 6%, Түркия – 5% мұнай импорттады. Ал  Грецияға –  5%, Сингапурға – 5%, Испанияға – 3% шикізат шығарылды. Қалған 10%-ды басқа елдер өзара бөлісті.

Жыл сайын Италия Қазақстан мұнайын ең көп тұтынатын мемлекеттердің көшін бастайды. Былтыр да солай болды. Неге Италия жыл сайын бірінші орында тұрады? Себебі Қарашығанақ пен Қашаған кен орнының ең үлкен үлесі ENI компаниясына тиесілі.

Итальяндық компания 2 кен орнынан шыққан шикізатты Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдап, Новороссийск теңіз портынан Италияның зауыттарына жеткізеді. Кейін шикізатты өңдеп, мұнай өнімдерін Еуропа елдеріне сатады. Бір компания барлау жұмысына, мұнайдың өндірілуіне, тасымалдануына, өңделуіне және химиялық затқа айналуына дейінгі аралықтағы барлық тізбекке атсалысады. Сәйкесінше максималды түрде пайдаға кенеледі.

«Қазақстанда мұнай өндіру көрсеткіші жылына 90 млн тоннадан түспеуі керек. Былтыр болжам бойынша 93,4 млн тонна мұнай өндірілуге тиіс еді. Бюджетте алдын ала осылай жоспарланды. Бірақ жылдың басында жоспар 90,5 деп өзгертілді. Себебі жоспардың орындалмайтыны белгілі болды» - дейді сарапшы.


Басты себеп - Қарашығанақ, Теңіз, Қашаған кен орындарынан басқа кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендеп жатыр. «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазгермұнай» компанияларына қарасты кен орындары ескірген. Салдарынан мұнда мұнай өндіру көрсеткіші төмен.

«Таяу болашақта нәтиже жақсармайды. Өйткені кен орындарының инвестициялық тартымдылығы төмен. Отандық, шетелдік инвесторларды қызықтырмайды.
Кен орындарының қоры таусылып, өнімділігі азайып келеді. Жаңа кен орындары табылып жатқан жоқ. Геологиялық барлау жұмысына өте аз қаражат бөлініп жатыр».

Жалпы, Қазақстан жылдар бойы 100 млн тонна мұнай өндіру жоспарын жүзеге асыра алмай келеді. Жаңа кен орындары табылмаса, 2030 жылға қарай Қазақстанда мұнай өндіру көлемі құлдырайды. Жаңа кен орындары табылғанның өзінде ол жерде зауыт салу, құбыр жүргізу сияқты жұмыстарды ұйымдастыруға кем дегенде 5-10 жыл қажет болады. Біз бұл бағытқа қазір бет бұрып, инвестиция құйсақ қана жемісін 2030 жылдан кейін көреміз.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.