Воскресенье, 28 Апреля
+21...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Қазақстандағы ұлттық компаниялардың басшылары қанша айлық алады?

Просмотров:1050 Опубликовано: 26-07-2023, 18:16
Қазақстандағы ұлттық компаниялардың басшылары қанша айлық алады?
Иллюстрациялық фото
Ұлттық компаниялар 2022 жылғы есептерін жариялады, соған сәйкес Inbusiness.kz порталы топ-менеджерлердің табыстары туралы қызықты материал
дайындаған екен.

«Қазатомпром» ҰАК» АҚ

Бір топ-менеджерді алғанда, еліміздің уран компаниясы өз қызметкерлеріне көбірек төлейді.

Негізгі басқару қызметкерлеріне компания басқармасының барлық құрамы және директорлар кеңесінің мүшелері кіреді. Сыйақыға жалақы, сыйлықақылар, сондай-ақ зейнетақы қорына аударымдар жатады. Бақылаушы акционердің өкілдеріне сыйақы төленбейді.

2021 жылы жалақы мен сыйлықақылар, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары 1,088 млн теңгені құрады. 2022 жылы - 983 млн теңге жұмсалған.
Компанияның Директорлар Кеңесі жеті адамнан тұрады, оның ішінде Директорлар кеңесінің төрағасы, Тәуелсіз директор Арман Арғынғазин, тәуелсіз директорлар:
Арманбай Жұбаев, Ұлыбритания азаматы болып табылатын Сидиков Нодир, Ернат Бердіғұлов, Ернар Жаңаділ, Елжас Отыншиев, Ержан Мұқанов бар. Басқарма алты адамнан тұрады. Осылайша, компанияның негізгі басқару персоналы 12 адамнан тұрады (Басқарма Төрағасы Ержан Мұқанов Басқарма құрамына да, ДК құрамына да кіреді). 2022 жылы басқарманың әрбір мүшесіне орташа есеппен жылына 81 млн теңге немесе айына 6,8 млн теңгеден келген.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ
Негізгі басқару персоналына 16 адамнан тұратын басқарма мен басқарма мүшелері кіреді (2021 жылы - 15 адам). Негізгі басқару персоналына төленген сыйақылардың жалпы сомасы 2022 жылы 576,5 млн теңгені құрады (2021 жылы: 806,8 млн теңге). Негізгі басқару персоналына төленген сыйақы, негізінен, жалақы, әлеуметтік салық, пайдаланылмаған демалыс резерві бойынша шығыстардан және операциялық нәтижелерге негізделген өзге де төлемдерден тұрады. Басқарманың әр мүшесіне орта есеппен жылына 36 млн теңге немесе айына 3 млн теңгеден келеді.

«Қазтеміртранс» АҚ
Компанияның негізгі акционері – «ҚТЖ» ҰК» АҚ. Қаржылық есептілікке сәйкес, 2022 жылы қызметкерлердің орташа саны 547 адамды құрады. 2021 жылы компанияда 6 негізгі басшы болды, ал 2022 жылы олардың саны 4-ке дейін төмендеді. Негізгі басқару персоналының сыйақысы 2022 жылы 94,2 млн теңгені, ал 2021 жылы тиісінше 74,1 млн теңгені құрады. Бұл жерде компаниядағы топ-менеджерлердің санының азайғанмен, олардың сыйақысы артқанын байқауға болады. 2021 жылы сыйақы алты адам үшін 74,1 млн теңгені құрады, бұл әр адамға айына шамамен 1,0 млн теңге көлемінде. 2022 жылы сыйақы төрт адам үшін 94,2 млн теңгені құрады, бұл әр адамға айына шамамен 1,9 млн теңге деген сөз.

«Ембімұнайгаз» АҚ
Компанияның қаржылық есептілігінде көрсетілгендей, Компанияның Директорлар кеңесінің үш мүшесіне жалақы және басқа да қысқа мерзімді төлемдер 2022 жылы жылына 24 млн теңгені немесе айына 0,6 млн теңгені құрады.

Басқарманың 7 мүшесінің сыйақысы үшін компания жылына 234 млн теңге немесе айына 2,7 млн теңге төлеген.

Samruk-Green Energy ЖШС
«Самұрық-Энергоның» еншілес ұйымының 2021 жылғы есебінде үш адамнан тұратын негізгі персоналға – Бас директорға және оның екі орынбасарына төленген сыйақы 27,4 млн теңгені құрағаны көрсетілген. Алайда, 2022 жылғы есептілікте бұл сома екі есеге артып, 53,5 млн теңгені құрады, демек айына 1,4 млн теңге деген сөз.

«Қазпошта» АҚ
Негізгі басқару персоналына 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 6 адам кіреді (2021 жылы: 7 адам). Негізгі басшы персоналға жалпы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сыйақы (жалақы және бонустар) ретінде 2022 жылы әрбір топ-менеджерге 141,638 мың теңге немесе айына 1,9 млн теңге төленген. 2021 жылы бұл сома 7 басқарушы үшін 208,264 мың теңге деңгейінде болды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, QAZAQGAZ ҰК, «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, KEGOC АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ өткен жылғы есептерін әлі жариялаған жоқ.

Нұргүл Бекболатқызы


Источник: Inbusiness
Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.