Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда 17-шағынауданның тұрғындары мектеп салып беруді сұрайды

Ақтауда 17-шағынауданның тұрғындары мектеп салып беруді талап етуде. Себебі төрт-бес жыл бұрын пәтер сатып аларда тұрғын үй жанынан жаңа білім ошағы ашылады делінген. Алайда жауаптылардың бұл уәдесі сол күйі орындалмапты, деп хабарлайды lada.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Кадр из видео
Тұрғындардың айтуынша жауаптылар 17-шағынауданнан балабақша мен мектеп салынады деген екен, деп хабарлайды «КТК» .

-Үй алардың алдында бізге акимат жоспарын көрсетті. Мына шұңқырда біздің 86-шы үйдің артында үлкен мектеп болады деді. Анау екінші шұңқырда балабақша болады деді. Осында тұрғанымызға бес жылдан асты. Балдарды әлі сүйрелеп басқа шағынаудандағы мектептерге апарамыз. Мына жердің бәріне жекеменшік мектеп ашып тастаған. Осы шағынаудандағы емхананың қасында да жекеменшік мектеп бар. Оларда әр балаға айына кемінде 60 мың тг төлеу керек. Төрт-бес баласы барлар барлық баланы олай жекеменшік мектептерге жібере алмаймыз, дейді тұрғын Гүлгүл Балмұрзиева.

Жиналғандар мектеп салынуы тиіс жерде шұңқыры қазылып тұр дейді. Бірақ құрылыс әлі басталмаған. Есесіне жақын маңда жекеменшік мектеп ашылған. Онда оқыту үшін әр балаға 60 мың теңге төлеу керек. Ал тағы біреуі салынып жатыр екен. Алайда ата-аналар оны қалтамыз көтермейді деп шыр-пыр. Сондықтан тұрғындар амалсыз алыстағы мектепке балаларын тасуға мәжбүр.

-Немерелерім мектепке барады. Көп жылдан бері осы орынға мектеп салынады деген әңгіме болды. Бірақ әлі салынбады. Немерелерім қазір 13-шағынаудандағы мектепке барып жүр. Бір немеремді ақылы мектепке беріп отырмын. Айына 60 мың тг төлейміз. Балабақшада жекеменшік болып кетті. Қала үлкейіп жатыр. Бірақ инфрақұрылым дұрыс жасалмаған. Мынадай жағдаймен кете берсек балдарымыз қалай өмір сүреді? Біздің заманымызда бірінші мектеп салынатын еді. Содан соң үйдің құрылысын бастайтын еді, дейді зейнеткер тұрғын.

Ал, Ақтау қалалық әкімдігі болса алдағы уақытта 17-шағынауданнан 900 орындық мемлекеттік мектеп салынатынын айтты. Ал жекеменшік мектеп кәсіпкердікі деп отыр.

-Ақтау қаласы 17 шағынауданда орналасқан 25-ші участок қазіргі таңда бекітілген бас жоспарға сәйкес, балабақша және бастапқы сынып мектебінің құрылысына арналған. Бүгінгі таңда жүріп жатқан құрылысқа барлық рұқсат құжаттары рәсімделген, дейді Ақтау қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі Қуаныш Сембаев.

Әкімдіктегілердің айтуынша, 17-шағынауданнан салынатын мектептің нақты жер орны белгіленген. Аталған білім ордасы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынады. Нысанның құрылысы биыл басталып, 2024 жылға дейін аяқталады дейді жауаптылар.




Поделись с другими:

Ақтауда 17-шағынауданның тұрғындары мектеп салып беруді сұрайды


Открыть
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter