Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда «Халық заңгері» акциясына 100-ден астам тұрғын қатысты

Ақтауда жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтті. Оған 100-ден астам тұрғын қатысты, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото автора
Өңірдегі үздік заңгерлер мен адвокаттар, мемлекеттік орган басшылары халыққа заң, құқық және мәселелі сұрақтар бойынша кеңес беріп, көмек көрсетті. Құқықтық көмекке жүгінген 100-ден астам адам тегін кеңес алды. Шараға қатысқан тұрғындарға білім, еңбек, денсаулық, жер, жол, салық, экология салаларының мамандары және полиция, әділет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының өкілдері кеңес берді. Акцияны ұйымдастырушылар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және үздік заңгерлер мен адвокаттар. Шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету.

Ақтауда «Халық заңгері» акциясына 100-ден астам тұрғын қатысты


-Бүкіл Қазақстан бойынша халыққа тегін құқықтық көмек көрсетілді. Мұндағы мақсат тұрғындардың құқықтық деңгейін көтеру. Маңғыстаулықтар шараға белсенді қатысты. 60-қа жуық сарапшы қатысушыларға кеңес берді. Тұрғындардың басым көпшілігі заңгерлер мен адвокаттардың көмегіне жүгінді, деді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы бірінші орынбасарының м.у.а Біржан Хайруллин.

Бір шараға топтастырылған түрлі сала мамандарынан кеңес алған тұрғындар шараның зор пайдасы бар деп есептейді. Өйткені бір уақытта бірнеше маманнан кеңес алып үлгерген келушілер болды.

-Осы шара арқылы сарапшылардан мемлекеттік қызмет, дін және заң саласы бойынша кеңес алдым. Осындай акцияларды өткізу болашақта дәстүрге айналғанын қалаймын. Өйткені адамдардың кеңес алу үшін адвокатқа жүгінуге қаржылық мүмкіндігі бола бермейді, деді қоғам белсендісі Мир Жайлиев.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter