Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстауда қызылша ауруын жұқтырған 3 адам тіркелді

Маңғыстау облысында қызылша ауруын жұқтырған 3 адам тіркелді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бердібек Саралтаев хабарлады.

Бердібек Саралтаев
Спикердің айтуынша, бүгінгі күні республика бойынша қызылша ауруының белгілері бар 2192 адам тіркеліп, 939 жағдайда нақты дәлелденген. Атап айтқанда, Алматы қаласында - 548, Атырау облысында – 69, Астана қаласында – 49, Жамбыл облысында – 61, Шымкент қаласында - 44 жағдай тіркеліп, зертханалық дәлелденген.

-Соңғы рет облыста аурудың өршуі 2015 жылы-292 жағдай, 2019 жылы – 1 422 жағдай және 2020 жылы – 361 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қызылша ауруының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр, - деді Бердібек Саралтаев.

Брифинг барысында Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының инфекциялық бөлім меңгерушісі Гүлбану Нұржанова қызылша ауруынан кейінгі асқынулар болуы мүмкін екенін айтты.

- Қызылша – жедел ағымды жүретін, ауа – тамшылы жолмен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Ауру дене қызуының көтерілуімен, 2-4-ші күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелердің шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады. Қызылша ауруы асқынып кетсе отит, пневмония, энцефалит, 2 жасқа дейінгі ауырған балалар арасында бірнеше жылдардан соң панэнцефалит дамуы мүмкін, - деді Гүлбану Нұржанова.

Маңғыстауда қызылша ауруын жұқтырған 3 адам тіркелді


Сондай-ақ, спикер қызылша вирусы науқас адамнан дені сау адамға ауа – тамшылы жолдармен, яғни сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде және мұрыннан, жұтқыншақтан бөлінген бөлінділер арқылы тікелей және тікелей емес қарым-қатынаста жұғатынын айтады.

- Қызылша ауруымен ауырған науқас – қоршаған ортаға бөртпелер шыққанға дейінгі және бөртпелер шыққаннан кейінгі 4 күн ішінде өте қауіпті. Вирусты
жұқтырғаннан кейін, ауру 7 – 18 күннен соң дамиды. Қызылша ауруынан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцинация. Вакцинаның алғашқысы 1 жаста,
екіншісі 6 жаста салынады. Вакцинациядан кейін адамда ауруға қарсы тұратын күш - иммунитет қалыптасады. Сондықтан балаға уақытында екпе алу маңызды. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеген маңызды екенін ұмытпайық, - деді Гүлбану Нұржанова.


Айта кетейік, ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 14 наурыздағы №1 қаулысына сәйкес биыл 1 жастан 17 жасқа дейінгі адамдардың екпесіне ревизия жүргізілген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында 2019 адам ғана екпе алса, қызылшаға қарсы екпе алмаған және егу мәліметтері жоқ - 16 514 адам анықталған.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter