Сисем ата!.. Маңғыстаудың ойы мен ҚырҮстірттің бойын мекен еткен елдің ел қорғаған батырлары, қара қылды қақ жарған би-шешен, мыңғыртып мал айдап, өзіне біткен дәулет-мүкәммалын елдікі деп білген сақи-мырзалар, рубасылары мен рухани көсемдердің әруағы байыз тапқан қасиетті қауым.
Ендеше, бүгінгідей алмағайып тұста, тәуелсіздікке тәубе айтып, Жаратқанның бергеніне шүкіршілік етіп, елдің амандығына тілек тілеу – адами құндылық, перзенттік парыз, ұрпаққа ұлағат!
Құрметті маңғыстаулықтар және ел қонақтары!
Сіздерді 13-14 қыркүйек күндері Сисем ата және сол қорымдағы ата-баба рухына ел азаматтарының бастамасымен «Құдайға құрмет, Әруаққа ізет - Ұрпаққа міндет!» атты, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтетін жалпыхалықтық шараға қатысуға шақырамыз!
Өтетін уақыты 2019 жылдың қыркүйек айының 13-14 күні,
Өтетін орны: Сисем атадан Сай-Өтес бағытына 10-шақырым
Аламан бәйге:
1 орынға – Ақтау қаласынан 2 бөлмелі пәтер.
2 орынға – 2 млн.теңге
3 орынға – 1 млн.теңге
4 орынға – 500 мың теңге
5 орынға – 300 мың теңге
Ошақ бәйге:
1 орынға – 1 млн.теңге
2 орынға – 700 мың теңге
3 орынға – 500 мың теңге
Қазақша күрес жүлдесі:
Түйе палуанға
1 орын – Ақтау қаласынан 1 бөлмелі пәтер.
2 орын – 1 млн.теңге
3 орын – 500 мың теңге
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)