18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
02.11.2021, 11:14

Анты мен қызметтік борышына адалдық сезімді тәрбиелеуге  тәлімгердің көмегі зор

Народные новости 0 1 664 Гость
Тәлімгерлік жұмыстың негізгі мақсаты – жас мамандарды қазақстандық патриотизм рухына тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, мемлекеттік-құқықтық көзқарасты қалыптастыру, антқа адалдық, қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау болып  табылады.  Осы орайда Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/6 мекемесінде ағымдағы жылдың 29 қазаны күні ГМ-172/6 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет капитаны А.Шабиковтың төрағалық етуімен мекемеге жаңадан қабылданған жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлері  арасында жұмыс кеңесі өтті. 

Жас мамандардың ішкі істер органдарының қатарына қосылып, қызметке қабылданған сәттен бастап олардың ұжымға бейімделуі, кәсіби шыңдалуы, сотталғандармен жұмыс барысында, сонымен қатар сотталғандарға кездесуге келген азаматтармен ілтипатты қарым қатынас жасау кезінде өзін-өзі ұстау тәртібін үйренуі  бойынша тәлімгерлер үйретумен қатар өз тәжірибелерімен бөлісіп,  қолдау  көрсетуде.  Жас мамандармен жүктелген міндетті абыроймен атқару, өзінің жұмысын сыйлау, елін  отанын қорғау,  азаматтардың қауіпсіздігін, тыныштығын сақтау және полицияның атына кір келтірмеу бойынша түсіндірме жұмыстары жиі жүргізіледі. Кеңес барысында жас мамандарға Қылмыстық атқару жүйесін реттейтін заңнамалар мен бұйрықтарының қолданылуы түсіндіріліп, таныстырылды. 

ГМ-172/6 мекемесі бастығының тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары əділет капитаны А.Шабиков

Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.