Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.22 KZT
  • €1 = 476.38 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстаудың бас санитар дәрігері: жануарлардан зардап шеккендер көбейген

Маңғыстау облысында былтыр жануарлардың тістеуінен зардап шеккендердің көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 9,5 %-ға өскен. Яғни 2022 жылы өңірде жануарлар тістеп, тырнап тастаған 1 796 адам тіркелсе, ал 2021 жылы 1382 жағдай тіркелген болатын. Бұл туралы Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Гүлнар Көркінбаева хабарлады.

Гүлнар Көркінбаева
Аймақтың бас санитар дәрігерінің айтуынша, сіз немесе сіздің жақындарыңыз жануарлардан зардап шеккен жағдайда жарақат орнын сабынды таза сумен жуып, жарақат айналасын спиртті ерітіндісімен залалсыздандыру керек. Сондай-ақ, міндетті түрде жақын жердегі медициналық мекемеге жүгініп, қаралу қажет және антирабиялық екпе алу қажет.

-Құтыру ауруы - вирус арқылы таралатын, орталық ми-жүйке жүйесін зақымдайтын аса қауіпті ауру. Соңы өліммен сипатталады және ең көп таралған зооантропоноздардың бірі болып табылады. Аурудың көзі және резервуары – үй және жабайы жануарлар, түлкі, қасқыр, енот тәрізді иттер, борсық, қоян, аю, жабайы ешкі, кеміргіш, жарқанат, ірі және ұсақ қара мал, түйе.

Індет қоздырғышы сау адамға және малға құтырған иттен, қасқырдан, түлкіден, қарсақтан, мысықтан(тістеген кезде) сілекей арқылы жұғады. Аурудың тез өршуі жарақаттың тереңдігі мен ондағы вирустың мөлшеріне тығыз байланысты. Ауыр паралитикалық тыныс алу бұзылыстары байқалады. Арты өлімге әкеледі, дейді Гүлнар Көркінбаева.

Инкубациялық кезең орташа есеппен 30-50 күнді, кейбір кездерде 90 күнге созылуы мүмкін, сирек жағдайларда - 1 жылдан астам. Жануарларда аурудың белгілері мінез құлқы өзгереді. Кейде сұлық жатады. Мазасызданады, ашуланшақ болады. Аузы көбіктенеді. Ішіп-жей алмайды. Жанына жолағанның бәрін тістеуі мүмкін, сөйтіп хайуан 5-7 күннің аралығында өледі.

Ал адам ауруының ең маңызды белгілерінің бірі – тістеген жер ауырып, ысиды. Алқынып демалады, түрі жаңа ғана жылаған адам сияқты болады, аузының сілекейі қоюланып, желімдесе береді. Адамды үрей билейді. Ашуланшақ келеді. Құтырынып алас ұрады. Судан қорқады. Өлім алдында талмасы ұстап, дене құрысып сал болып қалады.

-2022 жылы Маңғыстау облысында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Алайда жануарлардың тістеуінен зардап шеккендер санының көрсеткіші 9,5 %-ға өсіп отыр. Құтыру ауруының алдын алу және өлімнен құтқарудың жалғыз әдісі - құтыруға қарсы екпе алу. Егер өзіңізге белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз, жануарды мал дәрігеріне көрсетіңіз. Мал дәрігері жануарды 10 күндік ветеринариялық бақылауда ұстап, сау болған жағдайда - жануардың саулығын растайтын анықтама береді. Жарақаттанған адамға осы аралықта 3 рет (0,3,7 күнде) егу тағайындалады. Құтыруға тексерілген жануардың зертханалық диагностикасының нәтижесі оң болған жағдайда зардап шеккен адамның басталған арнайы антирабиялық емдеу курсы жалғастырылады. Нәтижесі теріс болған жағдайда профилактикалық егу курсы тоқтатылады. Ал, егерде жарақаттаған жануар қашып кетіп, табылмаса, белгісіз болса немесе өліп қалған жағдайда құтыру ауруына қарсы антирабиялық 5 реттік толық егу курсын тағайындайды. Сонымен қатар тістелген жері бойынша (бас, мойын, бет, қол мен саусақтар және бірнеше жерден тістелген жарақаттар болған жағдайда) қосымша антирабикалық имунноглабулин тағайындалады, деді Гүлнар Көркінбаева.

Ал, үйде ұсталатын жануарлар мен ит, мысықтар есепке алынып, оларға жыл сайын құтырмаға қарсы екпе егілуі керек. Үйде ұсталатын иттер мен басқа да жануарлар ауырған жағдайда оларды мал дәрігерлеріне көрсетіп, тексерту қажет. Барлық сақтық шараларын сақтаған жағдайда ғана құтыру ауруының алдын алуға болады.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter