18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
14.02.2023, 16:40
Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азоттан зиян шегіп отыр
Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азот өндіретін зауыттан шығатын зиянды қалдықтан уланып отырмыз деп дабыл қағуда.
Иллюстрациялық фото||news_pic_more|Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азоттан зиян шегіп отыр
Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азоттан зиян шегіп отыр
Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азоттан зиян шегіп отыр
Басқұдық ауылының тұрғындары аммиак пен азоттан зиян шегіп отыр
Тұрғындардың айтуларынша бірнеше жылдан бері кішкентай баладан, еңкейген қарияға дейін қышымадан бастап, аллергияның түр-түрімен ауырады екен, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы. Осыны айтып, ауыл халқы бірнеше рет жергілікті әкімдікке барған. Бірақ тыңдайтын құлақ табылмапты. Ал зауыт басшылығы, зиянды қалдықтарды төгуге рұқсат берілген деп отыр.
Аталған канал арқылы азот пен аммиак селитрасын шығаратын «КазАзот» компаниясы өткір иісті қоқысын қалдық көліне төгеді. Каналды жағалай орналасқан Басқұдық ауылының тұрғындары зиянды қалдықтардың зардабын тартқалы бірнеше жыл болды дейді. Ауылдың сорына айналған улы каналдан шығатын иіс біразының денсаулығын мүжіп біткен.
-10 жылдай болды тұрып жатқанымызға. Біз осы аллергиядан қиналып жатырмыз. Әсіресе күйеуімдікі қатты болып кетті. Өзім былай да аллергия бар бронхадан, балдарымдыкі бастап жатыр. Көршілерімізде қышыма сияқты аллергия шыққан, дейді Басқұдық ауылының тұрғыны Гүлмира Ізтілеуова.
Аммиак селитрасының қалдығы өлексе сияқты сасиды екен. Мұндай қауіпті заттарды каналдан ағызу дұрыс емес дейді тұрғындар. Сондықтан олар денсаулыққа зиян каналды жабуды талап етуде.
-Аммиак селитрасының суы ағады. Аммиак кәдімгі. Улап жатыр халықты. Біздің талабымыз соны жоқ қылу. Жауып тастасын. Ауылдың бәрі аллергиялық аурулар, түрлі жұқпалы аурулармен ауруының себебі осыдан деп ойлаймын. Ауырып жатқандар көп. Бұлар бүтін Басқұдық емес, бүкіл Маңғыстауды улап жатыр, дейді Басқұдық ауылының тұрғыны Жұманазар
Тұрсынбаев.
Кеңес үкіметі кезінде салынған каналдан тәулігіне 1000 текше метр аммиак қалдығы төгіледі. Ал, Басқұдық ауылы 2007 жылы құрылған. Сондықтан о баста бұл жерде ауыл болады деп ойламадық дейді «ҚазАзот» басшылары.
Оның үстіне химиялық қоспаларды төгуге арнайы рұқсаты да бар көрінеді. Десе де былтыр тұрғындардың шағымы бойынша, Экология департаменті каналдан жіберілетін қалдық көлемі тиісті мөлшерден асып кеткенін анықтапты. Осы үшін қомақты айыппұл да салған.
-Бұл канал біздің есебімізде емес. Бұл канал басқа мекемеге «Лидер құрылыс сервис» ЖШС-не қарасты. Біз жыл сайын каналды пайдаланғанымыз үшін сол мекемеге қаржы төлеп отырамыз. Жоба бойынша суды ашық каналдан
жіберетін еді. Енді қалдықтардың иісі ауаға таралмасын деп жабық құбыр арқылы жіберейін деп жатырмыз. Қазір каналда жабық құбыр жүргізу жұмыстары жасалып жатыр. Жабылған құбыр толық қойылған соң, Басқұдық ауылына ешқандай иіс келмейді. Мұны өз есебімізден салдық, дейді «Қазазот» АҚ бас директоры Арман Маулешев.
Қазір компания жаңа зауыттың жобасын жасап жатыр екен. Оған өз қалдығын қайта өңдеп шығаратын құрылғылар орнатылмақ. Бірақ оның жүзеге асырылуына төрт жыл уақыт кетеді дейді. Сондықтан Басқұдық ауылының жағымсыз иістен қашан құтылары нақты белгісіз.
0
0
0
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться
Комментарии
0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.