Пятница, 26 Апреля
+19...+16
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.22 KZT
  • €1 = 476.38 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Баянды ауылы арақтан бас тартты

Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылы арақтан бас тартты. Ауылдағы той-томалақ пен кез келген отырыс енді спирттік ішімдіксіз өтеді. Себебі жергілікті дүкендерде арақ-шарап мүлде сатылмайды. Ол үшін полиция, әкімдік және кәсіпкерлер үш жақты меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «КТК» телеарнасы.

Автордың фотосы
Сегіз мыңға жуық тұрғыны бар Баянды ауылында 9 дүкен бар. Барлығы меморандумға қол қойылғалы бері дүкен сөрелерінен алкоголь сусындарды алып тастаған. Бұл бастама ауылда мас күйде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алып, үлгілі ауыл ретінде таныту мақсатында жасалып отыр. «Баяндыда арақ сатылмайды» деген жаңалыққа алғаш болып қуанғандардың бірі – Оралбай ақсақал. Қария соңғы кездері ауылдағы той, мерекелерде дастарханға арақ қою онсыз да сиреген еді дейді. Енді тіпті тыйым салынып отыр.

-Дұрыс шешім деп ойлаймын. Қазір мереке өткізгенде жас балдар ішіп алып түрлі жағдай болып жатыр. Сол үшін осы бастаманы қолдаймын. Көбісі шұбат пен қымызбен өткізіп жатыр. Жастарға үлкен сабақ болады деп ойлаймын, - дейді Баянды ауылының тұрғыны Оралбай Аллабергенов.

Бұл бастаманы көтерген тәртіп сақшылары екен. Себебі былтырдың өзінде Мұнайлы ауданында мас күйде жасалған 60-қа жуық қылмыс тіркелген. Соны азайту үшін ауылда арақ сатуды доғарайық деп шешкен. Оны әкімдік те дүкен ұстайтын саудагерлер де қолдай кетіпті.
-Ішімдік ішіп жасалатын қылмыстардың ауданымызда көбеюіне байланысты, соның алдын алу мақсатында алғашқы іс-шараны Баянды ауылында бастадық. Болып жатқан қылмыстың бәрі, 80 пайызы ішімдік ішкен күйде болады. Түсіністікпен қарап жатыр, жеке кәсіпкерлер. Сегіз азамат араққұмар есебінде тұр, деді Баянды ауылының учаскелік полиция инспекторы Рүстем Аяпов.

-Ауылдағы кәсіпкерлерге рақмет айтамыз. Идеяны қолдағанына. Алдағы уақытта қылмыс азаяды деп үміттенеміз. Ауылда спортты қолдау мақсатында стрит воркаут үш жерде орнатылды. Тағы екі жерге орнатамыз деген жоспар бар, дейді Баянды ауылы әкімінің орынбасары Бектұрлы Ыбыраев.

Ал ауылда арақ сатқандар ешқандай жауапқа тартылмайды. Мұның барлығы ерікті түрде жасалып отыр дейді полицейлер. Дүкен сатушылары да үлгілі ауыл болу үшін ережені бұзбаймыз деп отыр.

-Біз тек сыра сататын едік. Алкоголь жоқ бізде. Бұл бастаманы әрине қолдаймыз. Естігенде таң қалдым. Қызық болдым. Бірақ ол шешімді қолдаймын. Қосыламын. Үлгілі ауыл болғанға не жетсін?!, дейді кәсіпкер Алмагүл Іліпбаева.

Әкімдіктегілер арақтан бас тартқан Баянды ауылы үздіктер қатарына кіретініне сенімді. Тіпті ауылда мәдениет пен спорт саласын мықтап қолға алып дамытуды жоспарлап отыр. Қазір спорт кешенін салуға құжат дайындалып жатыр.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 4 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю
bigmuzzya (Посетители) 1 марта 2023 09:10
Apmaxa,
Amsterdam имеет 10градусов
 
Не поддерживаю Поддерживаю
mamashapapasha (Посетители) 1 марта 2023 08:23
МашАллах, дұрыс жасаған екен!
 
Не поддерживаю Поддерживаю +1
  • bigmuzzya
Apmaxa (Посетители) 1 марта 2023 08:22
Цитата: Ingul
Да в баночном пиве 10 градусов алкоголя, оно страшнее водки.


это вы сейчас про Балтику 9?) стандартная крепкость пива 4-5 градусов.
 
Не поддерживаю Поддерживаю +2
  • Sir S
  • xerox
Ingul (Посетители) 28 февраля 2023 19:01
Начинание неплохое, но вряд ли приживется.
Мы уже это проходили.
- Мы продавали только пиво. У нас нет алкоголя.
Так говорят продавцы.
Да в баночном пиве 10 градусов алкоголя, оно страшнее водки.
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter