Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстауда жыл басынан бері тұтынушыларға 5 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Маңғыстау облысында 2023 жылы тұтынушыларға сапасыз қызмет және тауарлар үшін 5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рауан Мұхаев хабарлады.

Рауан Мұхаев
Спикердің айтуынша, арыздардың басым бөлігі қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен бөлшек сауда қызметіне, медицина, көлік және электрондық сауда саласына бағытталған. Сондай-ақ, екі айдың ішінде департаментке 255 өтініш түсіп, оның ішінде 25 өтінішке түсініктеме берілген. Ал, 6 өтініш өзге мемлекеттік органға жолданып, 2 875 150 теңге иелеріне қайтарылған.

-Бізге биыл telegram bot арқылы да 8 өтініш түсті. Олар бойынша тұтынушыларға егжейлі-тегжейді түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, азаматтарды жеке қабылдау барысында арыз жазған 62-ден астам тұтынушыға 2 024 980 теңге, сенім телефонына шағым түсірген тұтынушыларға 102 200 теңге қайтарылды, - деді Рауан Мұхаев.

Сондай-ақ, брифингте «Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Никар Рафикова тұтынушыларды өз құқығын білуге және құзретті органға шағым жасай отырып, нарықтағы адал емес кәсіпкерлерді айқындауға шақырды.

-Бүгінде тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында 3 саты қарастырылған. Әлеуметтік желіден зат сатып аламын деп алданып қалған азаматтар немесе тауардың сапасына көңілі толмай, қалағанындай сауда жасай алмаған тұрғындарға ең алдымен департаментке хабарласуға кеңес беремін. Департамент шеше алмаған жағдайда, сот органдарына жүгіну керек. Егер, сіздің талаптарыңыз бойынша 10-нан аса адамнан арыз түссе, тікелей сотқа шағымдана аласыз, - деді Никар Рафикова.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter