Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстауда 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау басталды

Маңғыстауда 1-сыныпқа құжаттар 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында қабылданады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева хабарлады.

Жаңа оқу жылында 21 мыңға жуық оқушы мектепке барады деп жоспарланған.
Спикердің айтуынша, жаңа оқу жылында 21 мыңға жуық оқушы мектепке барады деп жоспарланған. Баланы 1-сыныпқа қабылдау үшін өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығында және мектептерде орналасқан өзін-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы беруге болады.

-2022 жылы 20 108 бала 1-сыныпқа қабылданды. Сол уақытта ата-аналардың 80 пайызы онлайн-өтініш берген болатын. Биыл да egov.kz порталы арқылы тиісті құжаттарды жолдау қызметі қолжетімді. Ол үшін алдын-ала білім беру ұйымын белгілеп, тізімге сәйкес талап етілген құжаттарды тіркеу керек. Атап айтар болсақ, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық паспорты, 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат және 3х4 форматындағы фотосуреттің екі данасы қажет, - деді Клара Құлатаева.

Сондай-ақ, спикер брифингте оқушыларды гимназия мен лицейге қабылдау барысы туралы айтып өтті.

-1-сынып оқушыларын лицей мен гимназияға қабылдау үшін 15 маусымға дейін арнайы емтихандар ұйымдастырылады. Тестілеу күні мен нысандарын және тапсырмаларын гимназия, лицей мекемелері дербес анықтап, өздері белгілейді. Балалар қажетті емтиханды тапсырып болғаннан кейін 16 маусым мен 1 тамызға дейін білім беру ұйымдарына өтініштерін жолдай алады. Сонымен қатар, аудандық, қалалық және жалпы білім беретін мектептердің жауапты мамандары білім басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ата-ана тарапынан түскен өзге де сұрақтарға жауап беріп, қосымша ақпараттар ұсынады, - деді Клара Құлатаева.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter