Воскресенье, 28 Апреля
+21...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстау облысының прокуроры: еңбек дауларында тараптар бір- бірін тыңдап үйрену керек

Маңғыстау облысының прокуратурасы еңбек дауларын азайтуға және алдын алуға бағытталған «Еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі» жобасын іске қосты. Жобаны жүзеге асыру үшін прокуратура, облыс әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ мен аймақтық кәсіподақ орталығы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Lada.kz прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото автора
Аталған жоба еңбек жанжалдарының алдын алуға және азайтуға бағытталған. Меморандумның негізгі мақсаты уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайту, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және коммуникацияларын дамыту, сондай-ақ еңбек дауларын шешуде кәсіподақтардың рөлін күшейту болып табылады.

Маңғыстау облысының прокуроры: еңбек дауларында тараптар бір- бірін тыңдап үйрену керек


-Жұмыскерлердің мүдделеріне уақытылы жауап беру еңбек ұжымдарындағы қолайлы ахуалды нығайтуға мүмкіндік береді. Ал мүдделі тараптардың тиісті өзара іс-қимылы адамдардың проблемаларын шешудің жеделдігін қамтамасыз етеді және тиісінше наразылық көңіл-күйін төмендетеді. Жалпы мемлекеттік органдар, кәсіпорын басшыларының еңбек ұжымдарымен кездесулері тұрақты болуға тиіс. Тараптар дауды ушықтырмай, бір-бірін тыңдап, уәделесуді үйрену керек, - дейді облыс прокуроры Руфат Құттықов.

Меморандум шеңберінде еңбек мәселелері жөніндегі жұмыс комиссиясы жұмысқа кірісті. Енді облыстағы даулар мен жанжалдардың себептері, басқа өңірлердің тәжірибесін зерделеу арқылы талданады.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter