Суббота, 27 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Түріктер басқаратын Ақтау әуежайы облысқа 15,25 млн дивиденд төлеп отыр

Маңғыстау облысының әкімдігі Ақтау әуежайын басқаратын түрік компаниясынан жыл сайын 15,25 млн теңге дивиденд алып отыр. Ал, «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ-ның жалпы жиынтық табысы 2022 жылы дивидендтер мөлшерінен 134 есе асып түсіп, 2 млрд теңгеден астам соманы құрады. Бұл туралы Kursiv.media хабарлады.

Фото: Shutterstock
Маңғыстау облысының билігі сенімгерлік басқару келісімшарты бойынша Ақтау әуежайынан алатын дивиденд көлемі теңіз жағасынан жалға берілетін коттедждің бір жылдық бағасына тең, Kursiv.media хабарлады. Неге осынша аз десеңіз, дивидендтер мөлшері 2007 жылы ATM
Group International Airport Construction Investment and operation limited (ATM Group) түрік компаниясы қол қойған сенімгерлік басқару келісімшартының шарттарымен белгіленген.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі «Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен сатып алу құқығынсыз 20 жылға сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жариялады. Нәтижесінде түрік компаниясымен шарт 28 жылға жасалды, бұл жерде сенімгер басқарушы шарт талаптарын тиісінше орындайтын болса, тендерлік рәсімдерді өткізбестен тараптардың келісімі бойынша шарт мерзімін ұзарта алады.

Осы шартта 2018 жылдан бастап Маңғыстау облысының әкімдігі ATM GRUP–тан 2022 жылға дейінгі бес жыл ішінде жыл сайын бекітілген 15,25 млн теңге алатындығы көрсетілген. Содан кейін, 2023 жылдан 2027 жылға дейін 18,3 млн, 2028 жылдан бастап сома 5 жыл ішінде жыл сайын 21,35 млн. теңгеге дейін өседі. Сонымен, 2033 жылдан 2035 жылға дейін түрік компаниясы жыл сайын Маңғыстау әкімдігіне 24,4 млн теңге төлейтін
болады.

«Ақтау халықаралық әуежайының» Жылдық есебінде 2022 жылы әкімдікке дивидендтер төленгені атап өтілген. Сол есепте әуежайдың жалпы жиынтық табысы 2022 жылы 2,046 млрд теңгені құрады -бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге жуық (725,3 млн теңге). Өткен жылы Ақтау әуежайы Қазақстанның Даму Банкінедегі (ҚДБ) $36,8 млн қарызын төледі. Ол ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға берілген еді.

Ақтау халықаралық әуежайын басқару кезінде түрік компаниясы ұшу-қону жолағын қайта жаңарту және ұзарту, перрон мен такси жолдарын қайта жаңарту, жарық сигнал беру жүйесін ауыстыру жұмыстарын жүргізді, жаңа жолаушылар терминалы салынды.

Компанияның 2022 жылғы 31 желтоқсандағы бөлінбеген пайдасы 3,1 млрд теңгені құрады. Әуежайдың сенімді басқарушысы ADM Group ұшу-қону жолағын қайта құру және активтерді сатып алу бойынша жаңа жоспарлар орындалғанға дейін таза пайданы бөлу туралы мәселені кейінге қалдырыпты.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Новости по теме:

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter