18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
27.07.2014, 14:19

С праздником Ораза айт!

Ораза айт құтты болсын!

Мейрімді, рахымды Алланың атымен бастаймын.
Құрметті отандастар, қадірменді ағайын! Жер бетіндегі барша мұсылманның ұлық мерекесі болған Ораза айт құтты болсын!
Он бір айдың сұлтаны болған Рамазан айы бітісімен, Алла Тағала мұсылмандарға ораза айтты құттықтауға, мерекелеуге рұқсат берген. Бұл күндері отыз күн бойы ауыз бекіткен әрбір мұсылман үшін үлкен қуаныш, мереке, әрі Алланың берген сансыз нығметіне шүкір ететін күн. Бір ай бойы Ұлы Жаратушының разылығы үшін ауыз бекітіп, исламның бес парызының бірі болған оразаны шын ықылас ниетімен өткерген пенденің тілегін Алла қабыл етіп, өткен күнәларын жарылқайды. Сол себепті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Кімде- кім шын ықылас ниетімен ораза ұстаса, Алла Тағала оның өткен күнәларын кешіреді»,- деп айтқан.
Ораза айт күндері мұсылмандар бір-бірлерін айтымен құтықтап, қонақ күтіп, науқас пенделердің көңілін сұрап, сондай бір шаттық сезімге бөленеді. Алла Тағала да сіздердің осындай шаттыққа толы сәттеріңізді ұзағынан сүйіндіріп, нұрын жаудырсын.
Ораза айттарыңыз құтты болсын, ниеттеріңіз қабыл болсын.
Алла Тағала келесі ораза айттың жүзін бала-шағаларыңызбен аман-есен көруге жазсын!
Алла Тағала елімізге тыныштығын, халқымызға амандығын берсін! Егемендігіміз мәңгілік болсын!

ҚМДБ-ның Маңғыстау
облысы бойынша өкіл имамы
Смайыл Сейтбеков


P.S. Айт намазы 28 шілде күні таңғы сағат 07.00 – де оқылады. Ораза айт күні спорттық шаралар және жәрмеңке ұйымдастырылады.


С праздником Ораза айт!
Во имя Аллаха Милостивого, Милосердного!
Уважаемые соотечественники, дорогие братья!
Поздравляю Вас с праздником Ораза айт!

Ораза айт - Ураза-Байрам - один из самых значимых религиозных праздников для каждого мусульманина, знаменующий завершение священного месяца Рамазан. 28 июля мусульмане встречают этот замечательный праздник. Праздник напрямую связан с идеями духовного совершенствования и добрыми поступками. Его принято отмечать добрыми делами, проявляя заботу о ближних и сострадание к нуждающимся.

В этот великий день, являющийся божественной милостью для мусульман, будут звучать праздничные слова, свидетельствующие на весь мир о том, какая это честь для мусульманина - служить Всевышнему Аллаху и Его великой религии. С наступающим Вас праздником!

Пусть Ваши молитвы будут услышаны. Пусть Всевышний Аллах по Своей милости в этот светлый праздник в каждый дом вселит взаимную любовь, гостеприимство и щедрость! Искренне желаю всем дорогим братьям и сестрам, гражданам нашей необъятной Родины здоровья и благополучия. Да будет благословение Аллаха над всем человечеством!
Ораза айт қабыл болсын!

Главный имам Мангистауской области
Смайыл Сеитбеков


P.S. Айт намазы в областной центральной мечети имени Бекет ата будет прочитан 28 июля в 07.00 утра. В рамках празднования Ораза айт будут проведены спортивные мероприятия и организована ярмарка.
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

3 комментарий(ев)
ЖанМ
ЖанМ
Уа Жамағат, тілектеріңізді, дұғаларыңызды Жаратқан иеміз қабыл етсін!
Ораза айт мүбарак болғай!
27.07.2014, 20:52
Ярике
Ярике
Aktau-Makhachkala,

ИншаАллах Брат!!
27.07.2014, 18:04
Aktau-Makhachkala
Aktau-Makhachkala
Для моей семьи праздник начался с началом месяца Рамадан,
быстро пролетел Священный любимый месяц.
Пользуюсь случаем хочу Поздравить всех братьев и сестёр мусульман с Ураза-Байрам, Прошу Всевышнего Аллаха принять все добрые деяния и посты всех постящихся!
27.07.2014, 15:06
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.