Вторник, 16 Апреля
+12...+12
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.56 KZT
  • €1 = 478.03 KZT
  • 1 RUB = 4.79 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Біржан Хасанғалиев: «Біз ұлттық музыканың бүлінбеген күйін тек қана оған жастарды қатыстыру арқылы ғана сақтай аламыз»

Біржан Хасанғалиев
23-25 қазанда Алматы қаласында «Көшпенділер әуені» («Мелодии кочевников») атты Республикалық байқау үшінші рет өткізледі. Ұлттық музыка мен мәдениетті қолдау және сақтау жөніндегі осы үлкен және ел көлемінде маңызды жобаның ұйымдастырушылары мен негізін қалаушылары – «Золото Номадов» өмірді жинақтаушы сақтандырудың өнімімен өмірді сақтандыру бойынша Қазақстандағы ең ірі компаниялардың бірі – «Nomad Life» және П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледж. Жарыстар осы колледждің базасында өткізіледі. Елдің болашағы үшін бұл байқау неліктен маңызды болғаны туралы осы музыкалық колледждің директоры Біржан Хасанғалиев әңгімелеп берді.

- Біржан Ескендірұлы, байқаудың маңыздылығы неде екенін айтып беріңізші?
- Ең алдымен, бұл ұлттық музыкалық мәдениетті, атап айтқанда, халық орындаушылығын қолдау, ал бұл өте маңызды, өйткені біздің ұлттық музыкамыз - өткен, қазіргі және болашақ мемлекет тарихының бір бөлігі. Біздің байқауымыздың басты міндеттерінің бірі – бұл түпнұсқалылық, бірнеше ғасыр бұрын естілгендей, ұлттық музыканың бүлінбеген күйін сақтау.
Сондай-ақ, байқаудағы негізгі әріптесіміз – "Nomad Life" Өмірді сақтандыру компаниясы. Конкурс еліміздің тарихындағы үлкен оқиға – Алтын Орданың 750-жылдығына арналады деп шештік.

Біржан Хасанғалиев: «Біз ұлттық музыканың бүлінбеген күйін тек қана оған жастарды қатыстыру арқылы ғана сақтай аламыз»


- Алдыңғы екі жылда байқауды өткізуден қандай нәтижелерді көріп отырсыз?
- Конкурс жоба ретінде өтті деп сеніммен айта аламын, жыл сайын оған қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Бірінші жылы бүкіл елден 70-80-ге жуық өтінім келіп түсті, екінші жылы жүзден астам, тіпті одан да көп өтінім келіп түсті. Бірақ біз шектеулер енгіздік, өйткені өнер көрсету бағдарламасы оңай емес, қазылар алқасы үшін таңертеңнен кешке дейін осындай көптеген ниет білдірушілерді тыңдау қиын.
Егер өткен жылдары байқауға тек қана Қазақстанның музыкалық колледждерінің студенттері қатысса, биыл алғаш рет біз мамандандырылған музыкалық мектептердің жоғары сынып оқушыларына осындай мүмкіндік бердік. Олар колледж студенттерімен тең жарысады. Осылайша, біздің оқушыларымыздың дайындық деңгейін көру қызықты болады, оның үстіне олар шамамен бір жаста. Бұл сондай-ақ байқаудың да, оқушылар арасында да жарыспалылығы мен өнер көрсетудің өткірлігін арттырады, олар жақсы өнер көрсетуге ұмтылады деп үміттенеміз.
Біз орындалудың сапасына көп көңіл бөлеміз, сондықтан қатысушыларды мұқият іріктейміз, біздің байқауымыз жылдан жылға мазмұны жағынан қызықтырақ болуы үшін олардың алдыңғы жетістіктеріне де қараймыз.

- Байқауға қатысудың талаптары қандай?
- Біріншіден, музыкалық колледждің студенті немесе мамандандырылған музыкалық мектептің жоғары сынып оқушысы болу, екіншіден, Байқаудың Ережесіне сәйкес оның бүкіл бағдарламасын орындау, – домбырада немесе қобызда 4-5 ірі шығарманы орындау. Сонымен қатар, ең бастысы, жеңіске жету, лауреат атану ниеті болу, өйткені негізгі серіктесіміз жыл сайын жеңімпаздар үшін қомақты жүлделі қорды қамтамасыз етуде.
Айтпақшы, егер алдыңғы екі жылда жүлде қоры оқушы-жүлдегер және оның педагогы арасында бөлінсе, биыл жеңіп алған гонорардың пайызын 40-40-20 схемасы бойынша концертмейстер де алады (%, орындаушы-педагог-концертмейстер). Бұның барлығы еліміздің басшылығының педагогтарға қолдау көрсету ұсыныстарымен үйлесіп тұр.

Біржан Хасанғалиев: «Біз ұлттық музыканың бүлінбеген күйін тек қана оған жастарды қатыстыру арқылы ғана сақтай аламыз»


- Байқаудың аясында қандай номинациялар беріледі?
- Бізде домбыра және қобыз бойынша екі номинация бар. Әр номинация белгілі халық-кәсіби музыканың белгілі қайраткеріне арналған. Мысалы, «Құрманғазы» номинациясы домбыра шертуден берілсе, ал «Қорқыт ата» номинациясы – үздік қобызшыларға беріледі, өйткені дәл осы жыршы аңыз бойынша осы музыкалық аспаптың арғы атасы болып есептеледі. Осылайша әрбір номинация бойынша өзіндік жүлде қоры мен өзіндік лауреаттары бар.

Біржан Хасанғалиев: «Біз ұлттық музыканың бүлінбеген күйін тек қана оған жастарды қатыстыру арқылы ғана сақтай аламыз»


- Қатысушыларды кім бағалайды?
- Қазақстанның жоғары музыкалық орындарының профессорлары, доценттері. Олар жыл сайын өзгеріп тұрады. Және де төрелік жасау кезінде теріс түсініктен арылу үшін, қазылар алқасына біздің байқауымызға қатысатын студенттері мен оқушылары жоқ оқытушылар шақырылады. Соңғы күнге дейін біз биылғы жылғы байқауда қазылар алқасының есімдерін жарияламауға тырысамыз.

- Ақшалай сыйақыдан бөлек, сіздің байқауыңыз қатысушыларға не береді?
- Мен жоғарыда атап көрсеткендей, қазылар алқасында бізде музыкалық жоғары оқу орындарының профессорлары қатысады, олар біздің байқауымызда өздерінің болашақ әлеуетті талапкерлерінің деңгейін көріп, өздеріне түртіп алады. Осылайша байқаудың жеңімпаздарында колледжді аяқтағаннан кейін сол консерваторияға оқуға түсіп кетуге мүмкіндіктері көп болатыны сөзсіз.
Сонымен қатар осынау үлкен алаңшада өнер көрсету орындаушының өзіне деген сенімділігін арттыралы, өйткені бұл үлкен аудиторияның алдында шығып, өз бағдарламасын мінсіз орындау шын мәнісінде оңай емес. Демек, бұл өзін көрсете білу, қабілетін дамыту.

Біржан Хасанғалиев: «Біз ұлттық музыканың бүлінбеген күйін тек қана оған жастарды қатыстыру арқылы ғана сақтай аламыз»


- Сіз өзіңіз оқушыларымыздың дайындық деңгейін қалай бағалайсыз?
- Мен балаларымыздың орындау деңгейі өте жоғары деп есептеймін. Олардың алдында теңелуге тұрарлықтай адамдары бар. Еліміздің ұлттық музыкасының тарихында біздің халқымыздың мәдениетінде терең із қалдырған тамаша орындаушылар бар. Тарихтағы танымал және құрметті есімдерден басқа, біз сондай-ақ замандастарды, соның ішінде көрнекті қазақ композиторы, дирижер, концертмейстер, күйші, виртуоздық домбырашы Қаршыға Ахмедьяровты, сондай-ақ, біздің колледждің түлектері Айгүл Үлкенбаеваны және көптеген басқа да замандастарды атап өтеміз. Олардың жазбаларын студенттер тыңдайды және жоғары орындаушылық деңгейіне дейін жетуге тырысады.

«Lada» және «Nomad Life» серіктестік жобасы



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Комментарии закрыты



Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter