Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 446.78 KZT
  • €1 = 481.81 KZT
  • 1 RUB = 4.84 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда «Халық сенімі» қозғалысы Президент сайлауына қатысты жиын өткізді

Просмотров:1552 Опубликовано: 1-11-2022, 11:06
Ақтауда «Халық сенімі» қозғалысы Президент сайлауына қатысты жиын өткізді
Иллюстративное фото
«Негізгі жиналу себебіміз – Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау болғанымен, мақсат - елдегі проблемаларды оған жеткізу. Себебі, күн сайын өршіп бара жатқан мәселелер бір күні шарықтау шегіне жетіп, жараның аузы жарылады», - дейді аталған ұйымның негізін қалаушы Ғабиден Жакеев.
Ұйымның тең төрағасы Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, осы жолы Қазақстандағы барлық адамның конституциялық құқығы іске асуы және мемлекетті құруда әр адамның қалауын ескерілуі қажет.

-Біздің басты мақсатымыз – ел-жерді аралап проблемаларды анықтау. Біздің ұйым өткен жылы құрылған. Қазір Президентті қолдаймыз, бірақ не үшін? Қолдау дейтінім – жағымпаздық емес, оған халықтың қолдауын білдіруіміз де керек. Ол жаңа реформаларды қолдайтынын айтып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаудағы басты мақсатымыз – оның халықаралық қатынастарға қатысты қабылдаған шешімдері оң. Енді оны қолдай отырып талаптарымызды да қоя білуіміз керек. Сайлауалдындағы әр бір сатты пайдаланып қалу қажет, - дейді Қазбек Бейсебаев.

Ұйым Президенттің кандитурасын қолдайтынын жеткізіп, Қазақстанның біраз аймақтарын аралауды жоспарлап отыр.

-Неге халықтың сенімі аз билікке? Себебі, халық реформа күтеді. Жер мәселесі, жастар мәселесі болсын жалпы әлеуметтік жағдайлар түзелмесе үлкен жарылыстың үстінде тұрмыз. Бір-екі айда реформа жасалмаса, халық көшеге шығады. Қаңтардағы кездегіден де жағдай ушығуы мүмкін. Біз – билік пен қара бұқара халық арасындағы алтын көпір болғымыз келеді. Сұрақ көп – соның бастыс - Неге 9 айда реформа жасалмады деген сұрақ. Неге азық-түлік сынды қажетті тауарлар бағасы күн сайын өсуде? Біздің бұрынғы әкім-министрлердің де қазіргі Президентке қарсы жұмыс жасап жатқанын да ашық айта берейік бұл жерде. Біздің негізгі тірегіміз – халық. Қазір сөздің емес, істің заманы келіп тұр. Сондықтан, Президентті алып-қашпа сөзбен сынамай, қолдап, нақты талап қоя білуіміз қажет, - дейді Ғабиден Жакеев.

Маңғыстаулық белсенді Қуаныш Еділхантегінің айтуынша, өткен 9 ай ішінде ешқандай реформаның иісін де сезген жоқпын дейді.

-Менің Президентке басты сұрағым – Қазақстан халықтарының ассамблеясы бізге не үшін керек? Бізге Сенаттың да қажеті жоқ, федерация емеспіз ғой. Бүкіләлемдік діндер съезін жасап та қажеті жоқ еді. Бізге кеден Одағынан да шығу керек Қазақстанға. Тек өз мүддемізді ғана басты орынға қою керек. Менің осындай нәрселерге көңілім толмайды, алайда, кім біледі, мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жұмыс жасауға мүмкіндік бермей отырған адамдар да бар ма деген ой мазалайды. Қазір ол бүкіл билік қолындағы адам, неге барлық мүмкіндіктерді пайдалана алмайды деген сауалым да тағы бар. Дауыс берем ба, жоқ па ол жағын әлі шешкенім жоқ. Егер сауалдарыма жауап ала алсам мен қазіргі Президентке дауыс беруге дайынмын, - дейді Қуаныш Еділхан.

Ұйымның тең төрағасы Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, айтылған нәрселер орынды.

-Азамат ретінде ұстаным болған дұрыс. Қуаныш Еділхантегінің айтқан сауалдары қазір көпшілікке маза бермей жүргені рас. Кеден одағына келер болса, ол жерде біздің кәсіпкерлердің мүддесі әлсіз қорғалады. Мұнда айтылған сұрақтарды сараласақ, осылай кете береді, ұшы-қиырын табу қиын. Ал, әлемдік діндер лидерлерінің кездесуін өзім дұрыс деп санаймын. Себебі, арнайы қонақ боп келгендер - Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Рим папасы әлемдік дәрежедегі авторитеттер. Си Цзиньпин «Мен Қазақстанның территориялық тұтастығына өз тарапымнан кепілдік беремін», деп ресми уәдесін де берді.

Сөз соңында Қазбек Бейсебаев осы жерде айтылған ұсынстардың билікке жеткізілетінін жеткізді.


Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter