Понедельник, 29 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды

Просмотров:2199 Опубликовано: 3-03-2023, 16:34
iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды
FlyArystan
FlyArystan арзан авиакомпаниясы биыл Қазақстан әуежайларын жаңа iJan терминалдарымен жабдықтап жатыр. «Барлығы жолаушыларға ыңғайлы болу үшін», - дейді компанияның топ-менеджерлері. Терминалдар рейске оңай және жылдам тіркелуге, отырғызу талонын алуға, багажды тіркеуге және барлығын терминалдың пернесін басу арқылы жасауға мүмкіндік береді. FlyArystan уәде еткендей, компания болашақта автоматтандырылған қызметтерді көбейтеді.

iJan қызметтерін енгізу бірнеше кезеңдерден тұратын болады. Бастапқы кезеңде өзін-өзі тіркеу ішкі рейстерде қолжетімді болса, халықаралық рейстерде кейін пайда болады деген болжам бар. Жолаушылар тіркелу, отырғызу талонын басып шығару, багажды тіркеуден басқа, борттан орын сатып ала алады. FlyArystan инновацияның осы деңгейін ұсына алатынын мақтан етеді.

iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы, іске қосылғаннан бері, FlyArystan компаниясы өзін бюджеттік лоукостер ретінде қаумға таныстырды. Қолжетімді арзан билетіне минималды пакет кіретін, олар - ұшу, борттағы кездейсоқ орын алу, рұқсат етілген өлшемі 5 кг салмағынан аспайтын қол жүгі. Лаукостер әуе компаниясының қалған қызметтері жолаушыларға қосымша ақыға ұсынылған еді. Бұл ретте әрбір рейске тіркелу әуежайдағы тіркеу үстелдерінде ұзын-сонар кезекпен қатар жүретін.

iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


Процестерді оңтайландыру үшін авиакомпания басшылығы iJan терминалдарын пайдалана отырып, жолаушыларға өзіне-өзі қызмет көрсетудің заманауи жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл арзан авиакомпаниялар шығындарды азайту үшін осындай технологиялық шешімдерге жүгінетін әлемдік тәжірибе, бұл өз кезегінде арзан тарифтерді сақтауға мүмкіндік береді немесе тіпті арзан билеттерге әкеледі.

Электрондық терминалдар Қазақстанның тоғыз қаласында – Алматы, Астана, Семей, Түркістан, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Шымкент және Ақтөбеде жұмыс істей бастады. Енді Ақтаудан ұшатын жолаушылап да iJan арқылы рейске тіркеле алады. Жақын арада iJan терминалдары еліміздің барлық әуежайларында орнатылады.

Айта кетейік, FlyArystan компаниясының бұл жаңалығын жүздеген жолаушы қолданып көрді және нәтижеге өте риза болды.

Сонымен бірге, ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап FlyArystan отандық авиакомпаниясының әуежайда тіркелу ережелері өзгергенін ұмытпаңыз - тіркелу ақылы болды. Дегенмен, ақтаулық саяхатшылар рейстерге тегін – www.flyarystan.com сайты немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы – онлайн тіркеле алады. Онлайн тіркелу ұшудан 30 күн бұрын ашылады және кетуге 40 минут қалғанда жабылады. Сондай-ақ, рейске әуежайда тіркелу заманауи iJan цифрлық терминалдары арқылы өтеді. iJan арқылы бір жолаушыны тіркеуі 500 теңге тұрады. Ал әуежайда тіркеу үстелінде қолма-қол тіркелу қызметінің құны - 1000 теңге.

iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


«Біздің стратегиямыз – әуежайда жолаушыларға қызмет көрсету процестерін барынша автоматтандыру. Сондықтан біз жолаушыларды дайын цифрлық шешімдерді пайдалануға шақыруға тырысамыз», - деді FlyArystan басқарушы директоры Адриан Гамильтон-Маннс. «iJan бізге процестерді цифрландыруға көмектеседі, және біздің жолаушылар тіркеу процесіндегі «ұнамайтын жақтары» деп анықтаған ұзын кезектерді жояды».


iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


iJan терминалдары Ақтауда іске қосылды


FlyArystan туралы:
2019 жылдың мамыр айында алғашқы рейсі жүзеге асырылған Қазақстандағы алғашқы лоукостер әуе компаниясы. Бүгінгі таңда FlyArystan флотында 13 Airbus A320 ұшағы бар. 2023 жылдың соңына қарай FlyArystan флоты 19 A320 ұшағына дейін ұлғаяды. 2022 жылы FlyArystan толық авиациялық аудиттен өтіп, беделді Skytrax «4-Star Award» сыйлығын жеңіп алды.

Жарнама ретінде

Поделись с другими: