Четверг, 25 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.85 KZT
  • €1 = 474.3 KZT
  • 1 RUB = 4.8 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтаулықтарды Каспий жағалауынан шығатын жағымсыз иіс алаңдатып отыр

Ақтау тұрғындары 4«А» шағынаудандағы теңіз жағалауының ластанып кеткеніне алаңдаулы. Себебі жеке кәсіпкерге айлақ салуға берілген аумақты балдыр мен қоқыс басып кеткен. Қоғам белсенділері бұл қолдан жасалған бөгеннің кесірінен деп отыр. Сол үшін белсенділер шенеуніктерден осы мәселеге назар аударуды сұрайды.

4«А» шағынаудандағы теңіз жағалауы
-4«А» шағынаудандағы теңіз жағалауына жасанды бөген жасаймыз деп құм мен тасты араластырып төгіп тастаған. Тұрғындар қыдырып, серуендеп жүретін жер еді. Негізінен ол жерде ағын болып, су жүру керек. Ал жасанды бөгеннен су дұрыс жүрмей тұр. Енді сол жерде қоқыс пен биологиялық қалдықтар барлығы жиналып тұрады. Одан қалса қалдықтардан жағымсыз иіс шығады. Ол жерде серуендеп жүру мүмкін емес, дейді қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев.

Ақтаулықтарды Каспий жағалауынан шығатын жағымсыз иіс алаңдатып отыр


Жиналған үйіндіден жағалаудың эстетикалық көрінісі бұзылғанымен қатар, аталған жерде жағымсыз иіс шығады екен. Егер теңізден қатты жел соқса, жағалауда серуендеу мүмкін емес. Ал облыстық экология департаментіндегілер болса, теңіз жағалауында тұрақты түрде тексеріс жүргізіп тұрмыз деп отыр. Тіпті жуырда тұрғындардан түскен өтініш бойынша зерттеу жасалған екен. Әрбір салынатын жоба алдын-ала әкімдіктің тексеруінен өтетін айтады. Экологтардың айтуынша, жағымсыз иіс балдырлардан шығады. Ал ол иістің адамға зияны жоқ көрінеді. Жасанды бөген балдырдың көп мөлшерде жиналуына әсер етпейді деп отыр. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ дейді департаменттегілер.

Ақтаулықтарды Каспий жағалауынан шығатын жағымсыз иіс алаңдатып отыр



-Балдырлардың жиналуы табиғи құбылыс. Ол әр түрлі түсімен ерекшелінеді кейде қызыл болса, кейде қатты қызғылт түсті болады. Балдырлардың өзіне тән иісі болады. Сондықтан ол табиғи құбылыс. Арнайы зерттеу жүргізілді. Біздің мамандар ешқандай ауытқуларды көріп отырған жоқ. Зертхана қорытындысы бәрі дұрыс екенін көрсетті, дейді Маңғыстау облыстық экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter