Среда, 24 Апреля
+16...+15
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 444.32 KZT
  • €1 = 473.33 KZT
  • 1 RUB = 4.76 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Қазақстанда несиелерге рақымшылық жасалды – фейк

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық» жүргізілгені және қарыздың барлық түрі есептен шығарылғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпаратты ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жоққа шығарды, деп хабарлайды lada.kz.

Источник иллюстраций: unsplash.com, Pixabay / Andy_Bay
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі таратылған ақпараттың азаматтарды адастыру және олардың қаржылық жағдайын қиындататын әрекеттерге итермелейтінін мәлімдеді. Сондықтан бұл хабарламаның дәйексіз екенін айтып отыр.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылдың қазанынан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген. Кредиттің мерзімі өткен жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтініш жазуы қажет, содан соң өтініш қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау шарттары ұсынылады.

-Қарызды қайта құрылымдау шарттары: сыйақы мөлшерлемесін төмендету; төлемді кейінге қалдыру; өтеу әдісін өзгерту; қарыз мерзімін ұлғайту; мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді жою және т. б. түрінде болуы мүмкін, - делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстанда несиелерге рақымшылық жасалды – фейк


Ал қарыз алушы қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге келе алмаса, ол кредитордың жауабын алған күннен бастап 15 күн ішінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады. Қарыз алушы банкке немесе МҚҰ-ға өзінің өтінішін растауды және өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеуді міндетті түрде ұсынуы тиіс.

-Берешекті реттеу туралы шешім қарыз алушының қаржылық жай-күйін және оның қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі мүмкіндіктерін терең талдау негізінде жеке тәртіппен қабылданады, - деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Сондай-ақ Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығында теңгемен ипотекалық қарыз алған қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр. Бағдарлама шеңберінде жылдық 3%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша қарыз бойынша негізгі борышты қайта қаржыландыру жүргізілмек. Бұдан бөлек агенттік дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұрайды.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter