Вторник, 23 Апреля
+17...+16
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 445.66 KZT
  • €1 = 474.58 KZT
  • 1 RUB = 4.78 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстау облысының прокуроры: Ақтауда 107 заңсыз құрылыс объектілері анықталды

Ақтау қаласында 2022 жылы 107 заңсыз құрылыс объектісі анықталып, оларға 67 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз конференциясында Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов мәлімдеді, деп хабарлайды lada.kz.

Иллюстративное фото
Облыс прокурорының айтуынша, 107 құрылыс объектісінің барлығы уәкілетті органнан рұқсат алмай заңсыз салынған. Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде мүлдем рұқсаты жоқ 12 заңсыз құрылысты бұзу туралы сотқа талап арыз берілген. Оның біреуіне қатысты сот шешімі шыққан. Қалғаны қаралу сатысында.

Атап айтқанда бұл мына компаниялар: «Bazalt LTD» ЖШС, «Tetis Construction» ЖШС, «Kaz Elit Stroy» ЖШС, «Интерьер Строй Актау» ЖШС, «Kaz Elit Stroy» ЖШС, «Mega Technology Company» ЖШС, «КазСтройПремиум» ЖШС, «Garden Group» ЖШС, «Тарлан Строй» ЖШС, «Нұр-Али» ЖШС, «Аштар Строй» ЖШС және «Корпорация КСМ» ЖШС.

Жалпы Ақтауда соңғы уақытта тұрғын үй құрылысында халықтың қаражатын алып, келісім-шар жасап, соңында жоқ болып кететін жағдайлар жиілеп кетті. Былтыр құрылыс компанияларымен үлескерлердің қаражаттарын заңсыз тартудың 6 фактісі анықталған. Оларға айыппұл салынған.

-Құрылыс компанияларымен үлескерлердің қаражаттарын заңсыз тартудың 6 фактісі анықталды. Яғни, олар заң бойынша тиісті рұқсатты ресімдемей азаматтардың ақшасын құрылысқа тартып, келісім-шарт жасаған. Әкімшілік жауапқа тарту арқылы оларға барлығы 5 млн.теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды, дейді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.


Атап айтқанда бұл «ESG» ЖШС, «Safi Stroi» ЖШС, «Юпитер Строй Сервис» ЖШС, «Amanat PCC Group» ЖШС, «Компания Нур Сервис» ЖШС, «Интерьер Строй Актау» ЖШС компаниялары.

Облыс прокуроры тұрғындарға кез-келген тұрғын үйге үлескер ретінде ақша салуда абай болуды ескертеді. Бұл мақсатта прокуратура арнайы акция жүргізіп, ескертпе парақшаларын да таратқан.


Айбарыс Арлан



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 1 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю +1
  • Ну Ну
motor (Посетители) 13 января 2023 13:28
Кара халыкка абай болын дийсиндер, сонда калай абай боламыз?
Неге бир белгили сайт ашып коймаска? Кандай салынып жаткан уйлер , ЖК-лар зансыз салынып жатканын билетин.

Почему бы не создать сайт, чтобы народ знал какие стройки, ЖК не законные?
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter