Суббота, 27 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

АМӨЗ-дің экс-директоры Шухрат Данбай бостандықта қала береді

Осы жылдың мамырында Атырау қалалық №2 соты зауыттың бұрынғы директоры Шухрат Данбай мен зауыттың сатып алу департаментінің директорына қатысты ақтау үкімін шығарған еді.

Шухрат Данбай
Еске салайық, аталған тұлғалар 2019-2020 жылдары «Мұнайды терең өңдеу кешенінің» құрылысы кезінде мердігерден жеткізілген ақаулы жабдықтың құнын талап ету бойынша шаралар қабылдамады және оларды ауыстыруды талап етпеді деп айыпталды.

Салдарынан кәсіпорынға 2,9 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. № 2 Атырау қалалық соты олардың іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оларды барлық эпизодтар бойынша кінәсіз деп таныған еді.

Ал, облыстық прокуратура мұндай үкіммен келіспей, облыстық сотқа жүгінген болатын, бірақ облыстық сот қадағалау ведомствосының наразылығын қабылдамады және ақтау үкімін күшінде қалдырды.

Шухрат Данбай 2022 жылдың ақпан айында ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Ол Атырау МӨЗ-ін 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін басқарды.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter