Суббота, 27 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда «Сергек» жұмысын бастады

19 шілдеден бастап Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында «Сергек» бейнебақылау жүйесі ресми түрде іске қосылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер осы күннен бастап жол ережесін бұзғандар айыппұл арқалайтынын хабарлады.

ФОТО BNEWS.KZ
Жоба бойынша барлығы 1 138 камера бар, оның ішіне Ақтау қаласындағы қоғамдық қауіпсіздіктң қадағалау үшін бейнебақылау камераларымен жабдықталған 50 объект (102 камерадан тұрады) кіреді, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу үшін 13 қиылыстағы аппараттық-бағдарламалық кешендер (АБК) (156 камерадан тұрады) мен жолдардың желілік учаскелеріндегі 95 АБК (380 камера) бар. Мұнайлы ауданы бойынша қоғамдық қауіпсіздік камераларымен (300 камера) жабдықталған 100 нысан, сондай-ақ 5 қиылыс (60 камера) және 35 желілік учаске (140 камера) қамтиды. Бұл туралы Sergek Group баспасөз қызметі хабарлады.

Салыстырмалы түрде айтып өтсек, Атырау қаласында «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылған соң бір тәулік ішінде 300-ден астам жол жүру ережесінің бұзылуы тіркелген. Ал, бір жылдың ішінде айыппұлдар есебінен облыстық бюджет 500 миллион теңгеге толықты.

«Сергек» жүйесін орнатудың басты мақсаты - апаттар санын, жол-көлік жарақаттарын, қоғамдық орындардағы қылмыстарды азайту және ЖКО-да қаза тапқандар санын азайту.

Жүйе әкімшілік және қылмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтардың ашылуын арттыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиев «Сергек» камералары тек жол қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін атап айтқан еді.

- Қауіпсіздік камералары қоғамдық орындарда, қаланың криминогендік аудандарында, мектептердің жанында, тұрғын үйлердің аулаларында қондырылған, - деді Айдын Хадиев.

- Қажет болған жағдайда полиция департаменті бұл камераларды қылмыстық құқық
бұзушылықтарды ашу үшін пайдаланады.

«Сергек» қала жолдарында не болып жатқанын автоматты режимде тіркейді. Соған сәйкес, сол режимде ереже бұзушылық түсірілген суреттер мен бейнежазбалар әкімшілік полиция басқармасына түседі. Содан кейін әрбір материалды аттестациядан өткен полиция қызметкері тексереді. Сол уақытта ол «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне» (ӘҚБТ) полиция қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен тіркеліп, ереже бұзушыға жіберіледі. Бұл ретте айта кетсек, жылдамдықты арттыру, бағдаршамның рұқсат етілмеген жарығына өтіп кету, тоқтау сызығын және жолақ сызығын басып кеткен қателіктер тіркеледі. ҚР ӘҚБтК-і бойынша 2023 жылы көліктің жылдамдығын арттырғаны үшін әкімшілік айыппұл мөлшері (арттыру деңгейіне байланысты) 5АЕК (17 250 теңге), 10 АЕК (34 500 теңге), 20 АЕК (69 000 теңге);

бағдаршамның қызыл түсті шамына өтіп кеткені үшін – 10 АЕК, жол белгілерінің талабын бұзғаны үшін – 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде.
«Сергек» жүйесіндегі бейнежазбаларды сақтау мерзімі 30 тәулікті құрайды, ол Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидаларында айқындалған. Ал, жолда жүру ережелерінің бұзылғаны тіркелген жазбалар мерзімсіз сақталады. Жоба бойынша 10 оператор жұмыс істейді: 5 адам Жедел басқару орталығында, 5 адам Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде.

«Сергек» жүйесі қазақстандық әзірлеуші «Көркем Телеком» ЖШС өнімі болып табылады. Бағдарламалық қамтамасыз ету мен алгоритмдерді отандық IT мамандары жазады.

Деректер серверлері Қазақстанда орналасқан. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында іске асырылуда. Келісімшарттың жалпы құны бес жыл ішінде 6,6 миллиард теңгені құрайды. Келісімшарт бойынша жеке серіктес өз қаражаты есебінен жүйені орнатады және іске қосады, сонымен қатар жүйеге бес жыл бойы қызмет көрсетеді.

Жобаны іске асыру арқылы қандай оң көрсеткіштер күтіледі:
1. ЖКО санын 30 пайызға азайту;
2. ЖКО-да қаза тапқандар санын 40 пайызға азайту;
3. ЖКО-да жараланғандар санын 30 пайызға азайту;
4. Қоғамдық орындардағы қылмыстардың 40 пайызға төмендеуі;
5. Көлік жүргізу мәдениетін арттыру;
6. Қалалық көлік саласын басқару сапасын арттыру; полиция органдарының құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету жөніндегі іс- қимылдарының тиімділігін арттыру;
7. Көшелердегі және қоғамдық орындардағы жағдай туралы ақпаратты жинау және тіркеу мақсатында қаланың құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдерін ақпараттық қамтамасыз етуді жақсарту;
8. Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыру;
9. Жаңа жұмыс орындарын құру.

«Сергек» қосылғанға дейін Ақтау қаласындағы бейнебақылау камералары қаланы толық қамти алмады: 2021 жылы қалада 110 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 16 адам қаза тапса, 129 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Ал, Мұнайлы ауданында қоғамдық орындардағы және жолдағы қауіпсіздікті бақылайтын бейнекамералар бұрын болмаған – 2021 жылы ауданда 50 ЖКО тіркеліп, салдарынан 50 адам қаза тапса, 85 адам түрлі дәрежедегі
жарақат алған.

Айтпақшы, жоба толыққанды іске асқан соң басқа елдімекендер мен облыстағы нысандарды да осы жүйемен қамту мәселесі қарастырылмақ.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter