Понедельник, 29 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейген

Қазіргі таңда 105 жасөспірім қыз әйелдер кеңесінде есепте тұр. Бұл жағдай дәрігерлер мен қоғам белсенділерінің алаңдаушылығын туғызып отыр.

Иллюстрациялық фото
Маңғыстау облысы жасөспірімдер арасындағы жүктілік бойынша алдыңғы орындардан түспей келеді. Акушер-гинеколог Алтын Сақтағанованың айтуынша, қыз балалардың діни сеніммен ерте тұрмысқа шығуы көбейген.

-Жасөспірімдердің жүктілігі көп қауіпке әкелуі мүмкін. Осы уақытта қыз баланың өтпелі кезеңі басталып, ағзада гормондық қайта құрылу үрдісі жүреді. Ерте жүктілік несімен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді. Жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе, басқа да ішкі ағзаға үлкен салмақ түседі. Ерте жүктілікті жасөспірімнің ағзасы көтере алмауы мүмкін. Жүктілік үшін қолайлы деп 21 жас саналады, - дейдің Алтын Сақтағанова.

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазанованың айтуынша, қаладағы қыздарға қарағанда ауылда тұратын қыздардың арасында ерте жүктілік жиі кездеседі. Өткен жылдың өзінде Бейнеу ауданында 8 қыз жүкті болып қалса, биыл 12 қыз жүкті екен.

Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейген


- Осы жылдың ақпан айында 60 жастағы ер адам 12 және 16 жасар туған екі қарындасын азғындыққа итермелеген. Ең сорақысы, екі қыз да ер адамды ұнатқан. Аналары білген бойда полицияға арыз жазды. Күдікті ер азамат полиция учаскесінің ғимаратының терезесінен секіріп, қайтыс болды, - дейді қоғам белсендісі.

Оның пайымдауынша, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себебі сексуалдық қарым-қатынастың ерте басталуы және контрацепция тұрғысынан ауыл халқының медициналық сауатының төмендігі.

- Материалдық жағдайдың төмендігі мен отбасындағы қолайсыз тұрмыстық жағдайлар да жас қыздардың ерте жүкті болып қалуына себеп болып жатады. Ата-аналары жұмыс, кредит төлеймін деп шауып жүргенде қыздарымен жыныстық қатынас туралы әңгімелеспейді, түсінік жұмыстарын жүргізбейді. Сондай-ақ, қазақтардың осы тақырыпты жылы жауып қоятындары да бар.

Тағы бір қоғам белсендісі Гүлбаршын Қарабалина қазақ жастарының арасында ислам дінінің көп таралуы да ерте тұрмысқа шығып, жүкті болуға себепкер болуда.

Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейген


- Әлеуметтік желіде «15 жасымда тұрмысқа шықтым, 16 жасымда балалы болдым» деген жазбалары бар парақшаларды көп көреміз. Және оны дін тұрғысынан қалыпты жағдайға айналдырғылары келеді. Бұл жерде шынайы діни сенім мен соқыр сенімнің аражігін ажыратып алған дұрыс. Одан бөлек, көп әйел алу да Қазақстанда бар мәселе. Исламда бар дүние деп, жас қыздарды тоқал қылып алатын ер адамдар бар. Бұл – мүлде дұрыс емес. Осындай қағидаларды ұстанатын отбасылар толық бақылауға алыну керек. – дейді Г.Қарабалина.

Белсендінің айтуынша, тағы бір қателік – біздің қоғамда қандай жағдай болса да, бірінші кезекте әйел кінәлі, қыздар кінәлі. Осындай таптаурын көзқарастан арылу керек. Ерте жүктілік пен зорлық ұғымдарына бірдей қарау керек. Себебі, тым жас қыздардың жыныстық қатынасқа өз еркімен түсуі мүмкін емес жағдай.
Адвокат Айбек Сүйіндіковтың айтуынша, кей жағдайда жүктілік зорлық-зомбылықтың салдарынан болуы мүмкін.

Маңғыстауда жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейген


- ҚР ҚПК-нің 180-бабына сәйкес, іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер, атап айтқанда: 1) жеке тұлғаның өтініші не мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның қылмыстық құқық бұзушылық не хабар-ошарсыз кету туралы хабарламасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін себептер болып табылады адамдар; 2) кінәсін мойындап келу; 3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар; 4) қылмыстық қудалау органы лауазымды адамының дайындалатын, жасалатын немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты. Демек, медицина қызметкерлері жүктіліктің белгілері және/немесе оған қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттерді қолдану белгілері бар кәмелетке толмаған адамды қабылдаған кезде бұл фактілер туралы Құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс, - дейді Айбек Сүйіндіков.

Адвокаттың айтуынша, 122-бапта он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы басқа әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Бұл он алты жастан асқан адамдарға қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупінсіз жыныстық қатынасқа түсуге болатындығын білдіреді.
Алайда, Қазақстанда некені ресми түрде 18 жастан бастап тіркеуге болады. Бірақ мұнда да ерекше жағдай жасалуы мүмкін.
- Мынадай дәлелді себептер болған кезде жұптасу жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді: 1) жүктілік; 2) ортақ баланың тууы. Ерлі - зайыптылық жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұрғысы келетіндер мен олардың ата-аналары немесе қамқоршылары бере алады, - деп түсіндірді адвокат.
Адвокаттың айтуынша, Қазақстанда АХАЖ-да жасалған неке ғана танылады. Мешітте жасалған неке тіркелгенмен теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайды.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter