Воскресенье, 28 Апреля
+21...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Ақтауда 6656 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады

Ақтауда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6656 әскери бөлімінің қатарына қабылданып жатқан 145 сарбаз салтанатты түрде ант қабылдады, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото Қоғамдық коммуникациялар орталығынан алынды
Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздар БҚО, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласынан шақырылған.

Сарбаз болып сап түзеп, Отан алдында серт беруге жиналған өрендерді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары, «Сарбаздар аналары штабының» мүшесі Раиса Маденова, Ақтау қалалық жергілікті полиция қызметі бөлім бастығының орынбасары Бақытжан Берікбаев, 6656 әскери бөлімінің ардагерлер кеңесінің төрағасы запастағы майор Кенжеғали Нұрғожин және 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Болатбек Мұхамбетқалиев құттықтап, сарбаздарға ел тыныштығын күзету абыройлы іс екенін айтты.

-Отан алдында борышын өтеуге кіріскен жас сарбаздарды құттықтаймын. Сіздер егеменді елдің еркін ұрпақтары мен бейбіт өмірдің өрелі өрендерісіздер. Отанды қорғау ең ұлы міндеттің бірі. Әскер – тәуелсіздіктің тірегі. Өздеріңізге жүктелген міндетті жауапкершілікпен алып шығады деген сенімдемін. Елдің амандығы үшін қасқайып тұра алатын қазақ әскері деген атқа ие болып, айбынды армияның, әлеуеті мықты ел әскерінің абыройын асқақтатасыздар деген сенімдемін. Әскеріміздің айбыны арта берсін!, - деді қала әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

Ақтауда 6656 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады



Ал 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Болатбек Мұхамбетқалиев сарбаздарға Отан алдындағы борышын өтеудің маңыздылығын айтты.

-Әскери ант қабылдау - Отаныңа, халқыңа ақтық демің шыққанша адал болу, ел басына сын сағат түссе, онда мойымай көтеру, қажет болса, жан қию деген сөз. Ант – адалдық рухы. Отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету - ең ұлы қызмет және мәртебе.

Қазақстанның ұлан-байтақ жері мен елін, ақтық демі қалғанша қорғау әр сарбаздың, азаматтың міндеті деп білемін, - деді Болатбек Мұхамбетқалиев.

Шара аясында әр өңірден келген сарбаздардың ата-аналары да сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

-Үлкен өмірге аяқ басып жатқан балаларымыздың жас сарбаз атанып жатқан күні құтты болсын. Әскердегі қызмет дегеніміз бұл бозбала шақтан үлкен ер азамат болып, үлкен өмірге қалыптастыратын мектеп. Осы мектептен әрбір ел намысын қорғайтын патриоттар шығатынына сенім білдіремін. Ант қабылдап жатқан әрбір жас сарбазға анттарыңа берік болуыңызды тілеймін. Ант қабылдау рәсімімен ата-аналарды құттықтаймын, - деді Қызылордадан келген ана Ақмарал Кеңесбекқызы.

Ақтауда 6656 әскери бөлімінің сарбаздары ант қабылдады


Сарбаздар әскери ант қабылдаған соң, қатысушылар қоян-қолтық ұрысынан көрініс пен концерттік бағдарламаны тамашалады. Содан соң, жауынгерлердің ата-аналары әскери қызметтің барысымен, сарбаздардың тұрмыс жағдайымен танысуға мүмкіндік алды.



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 0 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии

Оставьте свой комментарий первым.

 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.


Самое читаемое
  • Facebook
  • ВКонтакте
  • Twitter