18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
24.07.2023, 16:09

Өмірзақ ауылының тұрғыны жұмысшыларға арналған арнайы киім тігетін ателье ашты

Өмірзақ ауылының тұрғыны Жұлдыз Есбағанбетова жұмысшыларға арналған арнайы форма тігеді. Бүгінде тігінші қаладан арнайы ателье ашып, екі адамды жұмыспен қамтып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Автордың фотосы
Автордың фотосы
40 жастағы Жұлдыз Есбағанбетова тігін тігумен айналысады. Бүгінде жұмысшыларға арнайы киімнің түр-түрін тігеді. Тігіншілікке 15 жасынан бастап қызыққан ол алғаш рет ерлерге арналған киімдерді тігуден бастаған. Он саусағынан өнер тамған төрт баланың анасы қазіргі таңда екі адамды жұмыспен қамтып отыр.

-Тек жұмысшыларға арналған киімдерден бөлек мен қыз-келіншектерге арналған көйлектерді және құрақ көрпелерді тігемін. Қазір кәсібімді кеңейтіп, қаладағы сауда орталығынан бір бөлмені жалға алып жұмыс жасап жатқаныма бір аптадан асты. Оған дейін жалғыз өзім тапсырыс алып, үйден тіктім. Қазіргі таңда екі адамды жұмыспен қамтып отырмын, - деді Жұлдыз Есбағанбетова.

Өмірзақ ауылының тұрғыны жұмысшыларға арналған арнайы киім тігетін ателье ашты


Ісмердің айтуынша, арнайы жұмыс киімдеріне әлі тапсырыс түспеген. Дегенмен бұрын тіккен киімдеріне сұраныс жоғары болған. Қазірде Жұлдыз балаларға арналған киімдер тігуді қолға алған.

Өмірзақ ауылының тұрғыны жұмысшыларға арналған арнайы киім тігетін ателье ашты


-Тігін саласында еңбек етіп келе жатқаныма 20 жылдан асты. Өз ісімді барынша өзім қаржыландырып отырмын. Жұмыс жасаймын деген адамға ештеңе кедергі емес деп ойлаймын, - дейді тігінші Жұлдыз Есбағанбетова.


0
0
0
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.