18+
Новости Актау и Мангыстау
Ақтау және Манғыстау жаңалықтары
25.07.2023, 14:45

Қазақстан жаңа көлік сатып алудан алда келеді

Осы жылдың 5 айында елімізде 66 мың жаңа көлік сатылған. Ол туралы хабарлайды finprom.kz
Ашық дереккөзден алынған фотосурет
Ашық дереккөзден алынған фотосурет
Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылдың қаңтар-мамыр айларында әлемде 34,8 млн автокөлік сатылған, оның 10,4 млн-ы Қытайда, 6,3 млн-ы АҚШ-та, 5,4 млн-ы Батыс Еуропа елдерінде.

Қазақстанда 66,3 мың автокөлік сатылған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 65,8 пайызға көп. Соңғы екі айда тіпті айлық рекордтар орын алуда. Тек мамыр айында 14,7 мың жаңа көлік сатылыпты.
Қазақстандағы ең көп сатылатын автомобиль брендтері – Chevrolet (17,6 мың) мен Hyundai (17,4 мың) (отандық зауыттарда құрастырылады). Үшінші орында Kia (9,9 мың) орналасқан.

Халық арасында кең таралған брендтер қатарына Chery (3,4 мың), Toyota (3,2 мың), Haval (2,1 мың), Exeed (1,7 мың), Changan (1,6 мың) и Jac (1,5 мың), Lexus (1,4 мың) кіреді.

Қазақстан жаңа көлік сатып алудан алда келеді
0
0
0
Подпишись на наш канал в Telegram
– быстро, бесплатно и без рекламы
Подписаться

Комментарии

0 комментарий(ев)
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи. Зарегистрируйтесь либо, авторизуйтесь. Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.