Суббота, 27 Апреля
+19...+18
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 443.35 KZT
  • €1 = 475.54 KZT
  • 1 RUB = 4.82 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

Нұрлан Ноғаев өңірдегі туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті

Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Түпқараған ауданында орналасқан туристік және өнеркәсіптік нысандарды аралады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото пресс-службой акима МО
Түпқараған ауданында 40 мыңнан астам адам тұрады. Аудан құрамына 1 Қала, 4 ауыл және 1 ауылдық округ кіреді.

Облыс әкімі алдымен «Алека» ЖШС су тұшыту қондырғыларының жұмыс барысымен танысты. Бұл қондырғы тәулігіне 600-800 текше метр су шығарады. Қазіргі таңда мамандар қондырғының қуатын тәулігіне 1200 текше метрге дейін арттыру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жөндеу аяқталған соң Сайын-Шапағатов ауылында тұратын мыңнан астам адам сумен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, облыс әкімі Ақшұқыр ауылында орналасқан сыйымдылығы 600 текше метр су тарту құрылғысымен танысты. Бас мердігер «Ер-Хан Құрылыс» ЖШС болып табылады. Жобаның құны 274 миллион теңгені құрайды.

Сапар одан әрі бассейн, демалыс бөлмелері мен тамақтану орындары бар Aura демалыс базасында жалғасты. Жобаның құны 361 млн теңгені құрайды. Жоба аясында 162 уақытша және 14 тұрақты жұмыс орны құрылған.

- Жаңа туристік нысандарды құру өңірде туризмді дамытуға серпін болуы тиіс. Біздің аймақ еліміздегі турист ең көп келетін аймақтың бірі. Маңғыстау облысында туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар. Кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау сервисті, келетін туристердің сапалы демалысын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, демалыс жағажайларында қауіпсіздік ережелерін сақтауға мұқият назар аударған жөн. Жыл басынан бері, өлім-жітім жағдайлары тіркелді, оның ішінде балалар да бар. Осыған байланысты ата - аналар балаларды назардан тыс қалдырмауы тиіс, ал туристік нысандардың иелері барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы керек, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Маңғыстау облысының туризм басқармасы 2023 жылдың соңына дейін екі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Олар «Гольф-клуб» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені мен «Town centre» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені сауда қатарлары.




Партнёрский проект с ЦОК Мангистауской области.

Поделись с другими:

Нұрлан Ноғаев өңірдегі туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтті


Открыть
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.
 

Комментарии ( 1 )

Содержание комментариев не имеет отношения к редакционной политике Лада.kz.
Редакция не несет ответственность за форму и характер комментариев, оставляемых пользователями сайта.

Скрыть комментарии
  • сортируем комментарии:
  • лучшие |
  • По дате: возрастание | По дате на убывание
 
Не поддерживаю Поддерживаю
motor (Посетители) 22 июля 2023 15:40
Айналайын ен маныздысы ол ауыз су, кот жуатын су бершейш туракты, торезим сосын болажатар.
 
 

Оставить свое мнение

Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь либо авторизируйтесь.