Наурыз – жаңарудың, жақындармен қауышудың, кең дастарқан мен дарқан көңілдің мерекесі. Бұл – ұзақ жол жүріп үйге оралатын, төрге жайылған дастарқан дәмге толатын, емен-жарқын сезім толқыны әдеттегіден айрықша, мол сезілетін ерекше кезең. Yandex Qazaqstan «Наурыз дәәәәәу болсын» атты мерекелік науқанында дәл осы көңіл-күйді жеткізуді мақсат етті.
Слогандағы «дәу» сөзінің дәл осылай әдейі созылып берілуі – Наурызға тән кеңдік пен молшылықтың белгісі. Бұл – мерекенің мазмұнын дыбыс пен визуал арқылы жеткізу тәсілі. Себебі Наурызда жылу да, жүздесу де, дәм де, сапар да – бәрі-бәрі көбейеді, арта түседі, моляды.
Науқан идеясы жарнама креативтерінде көрініс тапты: күнделікті үйреншікті дүниелер «үлкейе» түсті. Мысалы, Кинопоискты көрсеткен экран кенет созылып кеткендей әсер қалдырады, дастарқанның көлемі күрт артады, такси сапарларында лимузин жолға шығады, ал музыка бүкіл саяхатқа жететін шексіз плейлист секілді естіледі.
«Наурыз дәәәәәу болсын» слоганының орыс тілінен аударма да, дайын идеяның бейімделуі де емес, ә дегенде қазақ тілінде ойластырылып жасалған креатив тұжырымдама екенін айта кету керек. Авторлар қазақ тілін тірі, икемді дүние ретінде қабылдап, оның аясында экспрессивті тәсілдер мен жаңа формалардың қолданылуына саналы түрде жүгініп отыр.
«Наурыз дәәәәәу болсын» аясында пайдаланушылар Yandex Qazaqstan ұсынған арнайы жеңілдіктерді пайдалана алады:
Сонымен қатар, Яндекс Плюс жазылушыларына арналған жоғарырақ жеңілдіктер, қосымша бонустар және арнайы механикалар секілді жеке ұсыныстар да қарастырылған.
«Наурыз дәәәәәу болсын» науқаны – мерекенің басты сезімін жеткізуге деген талпыныс. Бұл – күнделікті дүниелердің өзі молаяып, үлкейіп, кеңейетін, қуаныш тудыратын сәттер көбейетін кез.
Последние комментарии