Пятница, 29 Марта
+7...+7
Температура воды
в море онлайн
Курсы валют
в банках Актау

  • $1 = 448.15 KZT
  • €1 = 483.46 KZT
  • 1 RUB = 4.86 KZT
  • Телефон редакции:
  • +7 (7292) 505 085 | site@lada.kz
  • Дежурный журналист:
  • +7 (707) 9 505 085
  • Реклама: +7 707 9 601304
 

FlyArystan-ның әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгермек

FlyArystan
Қаңтардан бастап отандық FlyArystan лоукостерінің әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгереді – енді бұл ақылы қызмет болады. Осы себепті жолаушылар тегін тіркеуден өту туралы қазірден бастап ойластыра бергендері абзал.
 
FlyArystan жұмысты 2019 ж. бастағаннан бері өзін бюджетті әуе тасымалдаушы ретінде таныстырып, қолжетімді тариф құнына шектеулі қызметтер (билет, кездейсоқ орын мен салмағы 5 кг, ал өлшемі 56*23*36 см аспайтын 1 дана қолжүгі) ғана кіретіні туралы айтып келуде. Лоукостердің қосымша қызметтерін жолаушылар қажетінше ақы төлеп ала алады.

Сонымен қатар FlyArystan ұшақтарының сыйымдылығы 180 және 188 орын болғандықтан, әрбір рейске тіркеуден өту үшін жолаушылар әуежайдағы тіркеу бағаналарында ұзақ кезектен өтуге тура келгендерін атап кеткен жөн.

FlyArystan-ның әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгермек


Осылайша туындаған қолайсыздықты шешу үшін және де процесстерді оңтайландыру мақсатында, әуекомпания басшылығы заманауи iJan атты терминалдар көмегіне жүгінуді жөн көрді. Бұл – технологиялық, ақылды жүйелерді пайдалану арқылы шығындарды азайту, ал соның арқасында арзан билеттердің бағасын ұстап қалуға немесе барынша арзандатуға мүмкіндік беретін дүниежүзілік лоукостерлер пайдаланып жүрген тәжірибе екеніне назарыңызды саламыз,

2022 ж, қазанынан бастап электронды құрылғылар еліміздің төрт қаласында (Алматы, Астана, Семей және Түркістан) өз жұмысын бастады. Ал жақын арада олар Қазақстанның барлық әуе айлақтарында орнатылады.

FlyArystan-ның әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгермек

 
Осы орайда жылдың басынан бастап FlyArystan-ның барлық рейстеріне тіркеу ақылы болатынын мәлімдейміз. Егер жолаушы «Әуежайда тіркелу» қызметін билетті сатып алған кезде сатып алса, оның құны 500 теңге болмақ. Ал егер саяхаттаушы бірден әуежайда тіркеуде өтемін деп келсе, онда бұл қызмет үшін 1000 теңге төлеуге тура келеді.

Дегенмен, барлық жолаушыларға ТЕГІН тіркеу де әрқашан қолжетімді болып қала бермек. Оны FlyArystan-мен сапар шегушілер flyarystan.com сайты немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы өте алады. Онлайн-тіркеу ұшуға 30 күн қалғанда ашылып, ұшуға 40 минут қалғанда (яғни, әуежайда тіркеу уақытының аяқталуымен қатар) жабылатынын ескертеміз. Бұл дегеніміз, әуежайға келгеннен кейін де жолаушылар тіркеуден онлайн өте алатын болады.

FlyArystan-ның әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгермек


«Біздің стратегиямыз – әуежайдағы жолаушылар өтетін процесстерді барынша автоматтандыруға бағытталған. Сол себепті біз жерлестерімізді цифрлы шешімдерді қолдануға бағыттаймыз және де мүмкіндік береміз», - деп жаңалықпен бөлісті FlyArystan-ның басқарушы директоры Эдриан Хамилтон-Маннс. «iJan-ның енгізілуі жұмысты оңтайландырып, әуежайда рейске тіркеу кезінде сапалы қызметті көрсету деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді».
 
iJan-ды жетілдіру бірнеше қадамнан тұратын болады. Алғашқы кезеңде өзге көмексіз рейске тіркелу ішкі рейстерде қолжетімді болса, кейінірек халықаралық рейстерде де іске қосылады. Оған қоса терминал арқылы орын таңдауға және өзге де қызметтер қосылмақ. Осындай жоғары дәрежелі инновациялық шешімдерді ұсына алатыны, FlyArystan үшін үлкен мақтаныш.

FlyArystan-ның әуежайда тіркеуден өту ережелері өзгермек


Серіктес жоба



Поделись с другими:
 
Нашли ошибку? Сообщите об этом нам.